87212445614

Жезқазған, «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ

«Теректі әулие» елді мекені

Теректі әулие еліміздегі ғана емес, әлемдегі теңдессіз тарихи жәдігер болып табылады. Сондықтан да ол Қазақстанның киелі 100 нысандарының қатарында тұр. Онда тасқа қашалған түрлі петроглифтер мен суреттер сақталған. Теректі әулие Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданы, Жезқазған қаласының күншығысынан тоқсан шақырымдай жерде орналасқан. Мұндағы тастағы керемет суреттер біздің заманымыздан бұрынғы екі, бір мың жылдықтың басындағы қола дәуіріне, сол секілді скиф-сібір дәуіріне (б.з.б. XII – б.з. І ғ.) және орта ғасырға жатады. Мұның ішінде неолит, энолит, ерте темір дәуірінің құнды металдарын өндірген орындарының ізі бар. XX ғасырдың 40-шы жылдары академик Әлкей Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қысқаша сипаттама берді.

Теректі әулиеде қалған пиктограмма мен петроглифтер сол дәуірдегі адам баласының ақыл-парасатының, ой-қиялының, таным-түйсігінің бізге жеткен нышаны, белгілері. Бұл суреттерге қарап отырып, тіршілік иесінің айналаны қоршаған ортамен ішкі байланысын, табиғатпен тілдесуін көре аламыз.
Теректі әулиедегі петролглифтердің ең ерекшесі – бірінен соң бірі тұрған он екі текенің суреті. Тастың шеткі тұсының мүжілуі суретті анық көруге мүмкіндік бермейді. Он екі текені зерттеушілер адамның мүшелді жасымен, сол секілді күнтізбемен байланыстырады. Киелі жердегі биік саналатын суреттің ұзындығы шамамен екі жарым метрдей, ені болса отыз сантиметрге жететін тіп-тік түсетін сызық бар. Оны жергілікті тұрғындар «әулиенің сырғанағы» деп атап кеткен. Зерттеушілер көрсетілген тегіс сызықтың мәнісін Құс жолы немесе сол дәуірдегі бір дәстүрмен байланысы бар-ау деген болжамға келіп отыр.
Ұлан-байтақ жерімізде көптеген тасқа қашалған петроглифтерді кездестіруге болады. Олардың көбісінде ат тұяғы түскен. Оны «тұлпартас» деп атайды. Тіпті, Манас батырдың да сәйгүлігі Аққұланның ізі де жатқан тас бар екен. Ол Сарыарқадағы Беғазы тауларында жатыр. Теректідегі құнды жәдігерлер халқымыздың сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын тануда, зерттеп-зерделеуде өте үлкен маңызға ие. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жететін өшпес мұра.
Теректі әуллиедегі түрлі тастардағы суреттер шын мәнінде толық зерттеуден өте қоймады. Ғылыми кітаптар мен бірлі-екілі ғалымдардың пікірінде аталғаны болмаса, терең, әлемдік деңгейдегі зерттеу жүргізілмеді. Егер толық зерттеп, сырын ашар болса, тарихтың ашылмаған біраз парақтарын ақтаруға болар ма еді. Бұндағы пиктограмма мен петроглифтердің жәйден-жәй салынбағаны белгілі. Олар өз бойында неше мыңдаған ғасырлардың тарихын тұмшалап жатыр.
Аталған жерді 2003 жылы археолог Жолдасбек Құрманқұлов жетекшілік етіп, Жезқазған универсиететінің археологиялық — барлау экспедициясын ұйымдастырды. Ал 2004 жылы «Теректі әулие тылсымдары» атты фото-көрме өтті. Қазірде Теректі әулие Қазақстанның киелі 100 нысандарының қатарынан табылып отыр.


«Теректі әулие аңызы»



«Тәңірдің ықыласы ауған, тал бойында қасиетті әруақ қонып, әулиелі адамдар бұрынғы дәуірде жер-жерді аралап, қоршаған ортаның құпияларын ашып, діни әңгімелер таратып, халыққа өнегелі өсиеттер айтып жүрген екен. Солардың бірі Сарыарқа төсіндегі Теректіге де келіп қалады. Ол кезде бұл жер тіршілік иесінің аяғы тимеген жапан түз болса керек. Әбден жол жүріп, шаршаған әулиенің көзіне анадай жерден бәйтерек түседі. Бәйтеректің түбіне барып, аздап тынығып алайын деп, жақындаса, тура тал түбінен бұлқылдап шығып жатқан бұлақты көреді. Тап-таза, тұп-тұнық бұлақ суына шөлін басып, көлеңкеге тынығу үшін отыра кетеді. Демін басып, тынығып болғанда ол өте керемет күйге бөленген екен. Шаршағаны тіптен білінбейді. Бұл жерге жетем дегенше жара болған жерлері жазылып, орнында түк қалмапты. Әулиелі адам бұл орынның жәй емес екенін түсініп, Аллаға алақан жайып, құлшылық етіпті» – деген аңыз қалған.

Мейрамова А.А, Салыбай А.Н,Тлеужан К.С,Танкаева Е.М.
Жоба жетекшілері

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.