87212445614

Жезқазған қаласы, №8 гимназия

 

Кеңгір су қоймасы

Кеңгір су қоймасы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының аумағында, Жезқазған қаласы оның оңтүстік жағалауында орналасқан. Су қоймасы 1952 жылы пайда болды. Ауданы — 37 км², көлемі — 0,319 км³. Ол ағынның ұзақ мерзімді реттелуін жүзеге асырады. Энергия және суару үшін қолданылады.

Су қоймасының құрылысы 1940 жылы басталып, бір жылдан кейін соғысқа байланысты тоқтатылып, 1946 жылы қайта басталды. Су қоймасы 1952 жылы салынып, екі жылдан кейін толтырылды. Су қоймасының жобалық қуаты 120 миллион м³ болса, құрылыс басталғаннан кейін 173 миллион м³-ге дейін ұлғайтылды. Жобалық деңгейі — 373 метр


 

«Ғарышты бағындырушылар» монументі

«Ғарышты бағындырушылар» монументі (1977, Жезқазған қаласы, Шығыс айналма жолы) — жергілікті маңызы бар ескерткіш)

Ескерткіш екі негізгі элементтен тұрады – ұшатын зымыран, стильдендірілген зымыран қозғалтқыштары мен ұшақтары, МиГ-17 жойғыш ұшағының көшірмелері. Ұшақ аспанға символдық траектория бойынша көтеріледі. Монумент ғарышты игеру дәуірі Қазақстан жері – Байқоңыр ғарыш айлағынан басталғанын, ғарышкерлердің көпшілігі Жезқазған даласына қонғанын, мұнда оларды қарсы алып, әскери ұшақпен Мәскеуге жібергенін еске салады

Авторлары: мүсінші Н. Андреев, суретші Л. Пак, сәулетші К. Тұрлыбаев


 

«Жезқазғандағы «Металлург» стадионыны

Жезқазғандағы «Металлург» стадионының құрылысы 2010 жылдың наурыз айында басталды. Стадион 6000 орынға арналған. Қазіргі уақытта мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған көптеген үйірмелер бар.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.