87212445614

Жезқазған қаласы. Қабден Шыңғысов атындағы №5 ЖОББМ

Тарихы терең туған өлкем

«Жезқазған — бұл Орталық Қазақстандағы 1761 шаршы километр аумақты алып жатқан 96,7 мың тұрғыны бар бай өнеркәсіп инфрақұрылымы көптеген мәдени — ағарту және спорттық мекемелері бар қала. Жезқазған қалалық археология мұражайы, Жезқазғанның жерасты байлығын ашқан, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Қаныш Сәтпаевтың мемориалдық мұражай үйі біртұтастай мәдени — тарихи кешенге кіреді. Қалада 20 дан астам тарихи және мәдени орындары жұмыс істейді.

Жетекші: Сейлова М.С. Молдабекова А.А  Автор: Кетебаева Сая, Рахымжан Толғанай, Танатарова Торғын, Тоқтыбай Шұғыла, Акчекенов Кайсар, Караулов Арнұр

Қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш Кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан.
Оның мәнісі бар. Жезқазған өңірінде дәулетті адамдардың мал-мүлкі тәркіленіп алынып, әртүрлі серіктестіктер құрылды, күштеп ұжымдастыру басталды. Жүздеген жыл қалыптасқан экономикалық, қоғамдық қарым-қатынастар бұзылды. Елді аштық жайлады, жұрт ата-мекенін тастап жөңкіле көшті. Мыңдаған адам аштан қырылды. Бұл нәубат өткен ғасырдың отызыншы жылдары кінәсіз ел азаматтарын «халық жауы» деп ұстап, оққа байлаумен жалғасты. Қырқыншы жылдың басында алғаш рет сотталғандардан «Джезказганстрой» құрылыс тресі құрылды. 1948 жылы ашылған «Степной лагерь» деп аталатын №4 ерекше лагері Қарсақбайдан Балқашқа дейінгі аумақты алып жатты.

Менің өлкем 3D


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.