Қаражал қаласы "ҚАРАЖАЛ ТЕМІР - МАРГАНЕЦ КЕНІ" Батыс Қаражал - Қарағанды –облысында Қаражал қ-ның маңында орналасқан . Кен орнын И.Г. Николаев ашқан (1931). Алғашқы зерттеу жұмыстары Н.Л. Херувимова мен А.К. Коневтің басшылығымен жүргізілген (1938). Кейін барлауды С.Д. Батищев – Трасов, Г.С. Момджди, т.б. жүргізген. Кен орны Жайылма синклиналінің солт.- шығыс қанатында орналасқан Қаражал кенді алабының" />   Қаражал қаласы "ҚАРАЖАЛ ТЕМІР - МАРГАНЕЦ КЕНІ" Батыс Қаражал - Қарағанды –облысында Қаражал қ-ның маңында орналасқан . Кен орнын И.Г. Николаев ашқан (1931). Алғашқы зерттеу жұмыстары Н.Л. Херувимова мен А.К. Коневтің басшылығымен жүргізілген (1938). Кейін барлауды С.Д. Батищев – Трасов, Г.С. Момджди, т.б. жүргізген. Кен орны Жайылма синклиналінің солт.- шығыс қанатында орналасқан Қаражал кенді алабының" />
87212445614

«Жарқын болашақ» Қаражал қаласы

section id=»testimonials» style=»background-image: url(‘https://kartakrg.kz/wpcontent/uploads/2019/02/bg-video.jpg’);»>

» />

Қаражал қаласы

«ҚАРАЖАЛ ТЕМІР — МАРГАНЕЦ КЕНІ»

Батыс Қаражал — Қарағанды –облысында Қаражал қ-ның маңында орналасқан . Кен орнын И.Г. Николаев ашқан (1931). Алғашқы зерттеу жұмыстары Н.Л. Херувимова мен А.К. Коневтің басшылығымен жүргізілген (1938). Кейін барлауды С.Д. Батищев – Трасов, Г.С. Момджди, т.б. жүргізген. Кен орны Жайылма синклиналінің солт.- шығыс қанатында орналасқан Қаражал кенді алабының батыс бөлігін алып жатыр. Кенді алабтың ұз. 18км, оның 6 км-і Батыс Қаражалдың үлесінде. Геол. Құрылысына жоғ. девон мен төм. карбон түзілімдері кіреді. Кенді түзілімдер екі будадан тұратын жоғары фамен түзілімдерінде орналасқан. Сұр түсті төм. Буда- кентас астылық, негізінен әктастардан тұрады, олардың құрамында яшма, сидерит, магнетит линзалары бар; буданың қалыңд. 25-40 м. Қызыл түсті жоғ. будада кен орнының барлық өнеркәсіптік кентастары орналасқан. Бұл буданың төм. горизонтында әр түсті әктастар, сонымен қатар темір және марганец кентасты Төм. Кенді шоғыр бар. Ор-таңғы горизонт күңгірт – сұр кремнийлі — корбанатты тау жыныстарынан тұрады. Жоғ. горизонтты күлгін – қызыл және қызғылт түсті әктастар құрайды, олардың құрамында ашық – қызыл яшма мен Батыс кенді шоғырдың темір және марганец кентастары бар; буданың қалыңд. 25 – 170 м. Кен орнының шығыс шетінде жер бетіне шыққан негізгі кен денелері батысқа қарай 17* бұрышпен еңістенеді, батыс шетінде 500 -800 м тереңдікке дейін дейін батады. Кен денелері айқын стратификатталған ( жиектелген) қатпарлар құрайды, жарылымдар бойымен жылжыған. Кен орнында біршама қиюшы қабатаралық интрузиялар кездеседі, олардың құрамы габбродан диоритке дейін , диабаздан диорит порфириттеріне дейін өзгереді. Кентасты буда құрамында темір кентастарының төрт қабаты (Fe1 – F4) және марганец кентастарының бес қабаты ( Mn1- Mn3) бөлінеді, олар бірігіп Басты шоғырды құрайды . Басты шоғыр ірі линза пішінді, құрылысы күрделі , оның негізгі бөлігін ең ірі кентасты қабаты (Fe3) мен марганецті қабаттар ( Mn3 Mn4) құрайды. Fe3 қабатының созылымы бойынша ұз. 5,5 км, ені 1700 м. Қалыңд. Бірнеше метрден (шеттерінде) 68,8 м-ге дейін (кен орнының ортаңғы бөлігінде) жетеді; орташа қалыңд. 20,6 м. Бұл қабатта кен орнындағы темір кентасы қорының 97% — ы шоғырланған. Жатынның еңістігі бойынша темір кентасы жұқарып, оның астыңғы және үстіңгі жағындағы марганец кентастары жақындай түседі, кей жерлерде бірігіп кетеді. Fe4 қабат-тары үш линза құрайды, олардың ұзынд. 200 – 1400м, ені 100 – 830 м, қалыңд. 2 – 18,8м. Бұл линзаларда темір кентастарының 2 % -ы ғана шоғырланған. Кентастардың экон. құндылығы мен технол. ерекшеліктерін анықтайтын негігі минералдар: гематитті кентастарда – гематит, кварц, аз мөлшерде магнетит, карбонаттар мен пирит; магнетитті кентастарда – магнетит, сидерит, хлорит, кварц, карбонаттар және пирит, гематит марганецті кентастарда – браунит, гаусманит , манганокальцит, кварц, т.б. Жалпы алғанда темірлі кентастардағы минералдардың орташа мөлш.: гематит – 56,0%; магнетит – 18%; сидерит – 33%; хлорит пен стильпномелан – 17%; кварц – 15,0%, кальцит- 4%. Қазір бай темір кентастарын (Fe>45%) Испат Кармет металургия кәсіпорны (бұрынғы Қарағанды металургия комб.) байытпай пайдаланады, ал темірдің мөлш. 35 – 45% кентастар байытуды қажет етеді. Осыған байланысты Атасу кен басқармасында жобалық өнімд. 6 млн. Т болатын байыту ф-касы салынған. Кен денелері біршама қалың ( 10 – 50 м) әрі қолайлы жатқан кен орнының шығыс бөлігін ашық тәсілмен(200 – 260 м-ге дейін), ал терең жатқан орт. Және батыс бөліктерін жер асты тәсілдерімен игеруге болады Кен орнының сулылығы әркелкі, кей жерлерінде су басып қалу қаупі бар. Кен орнын жете барлау нәтижесінде оның қоры темір кентастарыт бойынша 552,9 млн. т марганец бойынша 350,3 млн. т көлемінде бекітілген.

/>

Қала тарихы
Қаражал – Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала. Қарағанды қаласынан онтүстік-батысқа қарай 350 км жерде, Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде, боз жусан, сасыр аралас бетеге, қылқан боз, тағы да басқа шөптесіндер өскен сұр, сортаңды сұр, қиыршық топырақты қуаң далада орналасқан. Тұрғыны 12 мың адам (2017). Іргесі 1939 – 1940-шы жылдарда Қаражал темір-марганец кенің игеруге байланысты қаланған.

Қаражал қаласы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен 8 қаңтарда 1963 жылы құрылды. Қала аумағы 12,3 мың шаршы километрге тең.

Елді мекендер: Қаражал қ., Жайрем кенті, Ақтай кенті, Шалғы кенті .

1911 жылдын жазында орталық Ресейден осы жерлерге орыс диқандарын қоныстауға жарамдылығын анықтау мақсатында гидрогеолог Козырев А. экспедиция басқарды. Экспедиция барысында жер бетінде жатқан темір кені табылды. Бірақ тек 1931 жылы Омбы геологиялық-барлау партиясы И. Г. Николаев басшылығымен Бестөбе шоқыдан батысқа қарай орналасқан шоқыда барлау бұрғылау жұмыстарын өткізді, ол кейінірек Каражал деп атала бастады. Қаражал – тура мағынада аударғанда «қара шоқы», дәлірек айтқанда, «қара жал» деген мағынаны білдіреді. Осылайша, картада жаңа аса бай темір-марганец кен орны пайда болды

1942 жылы Қаражалда Атасу геологиялық барлау экспедициясы құрылды. 1954 жылы «Атасу-Қаражал» темір жолының құрылысы басталды.1956 жылы Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қала экономикасының негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Қаладағы ірі өнеркәсіп орындарына «Өркен-Атасу», «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ, «Баритті кендерді қайта өңдеу бойынша өндірістік кешен » , «Сарыарка IRON» темір-марганец өндіру кені. Қаланың әлеуметтік инфрақұрылмына 2 балабақша, 7 мектеп, 1 колледж, қалалық аурухана мен емхана, 5 кітапхана, кеншілер мәдениет сарайы, «Қаражал қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі дзюдо балалар-жасөспірімдер мектебі», кәсіпкерлер палатасының Қаражал қаласы филиалы, қала маңында жоғары сапалы радонды бұлақтар мен шипалы балшық қоры бар.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.