87212445614

Улытауский район Средняя школа №3 Аманкельды

Ұлытау-қазақтың көне ғасырлық
тарихында ұлан-асыр оқиғаларды бастан
өткерген,ел басына күн туған шақтарда
халқымызға пана болған,хандарымыз өз
ордаларын тіккен,билеріміз бен батырларымыз
бастарын қосып,елдік мәселелерді шешкен,
киелі де құнарлы әрі қазыналы өлке.
Н.Ә.Назарбаев

Таулары тарих,даласы дастан ,туған жер!

Аманкелді ауылы ертеден қазақ халқы үшін қасиетті мекен болған Ұлытаудың батыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік батысында Қызылорда,
Ақтөбе облыстарының Арал,Ырғыз аудандарымен, батысында Торғайдың Ақкөл Ахмет Байтұрсынов атындағы ауылымен, солтүстігінде Аманкелді ауданының Сарыторғай ауылымен, Ұлытаудың
Шеңбер,Ұлытау селосымен, оңтүст оңтүстік шығысында Жезді өңірінің Қарсақбай, Ақтас елді мекендерімен шектеседі. Аманкелді ауылының шығысында Едіге тауы мен Кішітау,сондай-ақ өте биік емес Мырзамсейіт,Ақпанбет,Тоқпанбет тау шоқылары орналасқан.Село орталығынан 7 шақырым жерде жасанды Кененбай тоғаны,сондай-ақ Итауыз,Ащылысай тоғандары да ауыл маңайында орналасқан.Қаратал,Тамды,
Жыланшық,Шығырлы,Дулығалы,Ағатай,Жетіқыз,Қаракөз, Балға,Балта өзендері және Бозшакөл,Ағатай тұзды көлі бар. Орталығы- Сарлық селосы. Аудан орталығынан 40км. Жезқазған қаласынан 180 км жерде орналасқан. Тұрғылықты халық бес фермаға бөлініп орналасқан. №1 ферма орталығы –Сарлық селосы, №2 ферма орталығы – Үмбет, №3 ферма орталығы – Қорғантас, №4 ферма орталығы Боздақ, №5 ферма орталығы – Әли. Осыншама елді- мекенге ертеде бабаларымыз әр ру бойынша өзіндік жер бөлінісіне ие болып, жеке-жеке өмір сүрген. Тек Кеңес Одағы құрылғаннан кейін 1935-1937 жылдарда колхоздастыру кезінде орталыққа қоныстанған. 1957 жылы совхозға көшіріп, 308 колхоз мүшелерінің еңбек стажы есептелініп, кеңшар мүшелігіне алынған. Одан кейінгі жылдары халық саны өсіп 1700-ге жеткен. Жер көлемі үлкен. Халық сирек қоныстанған. Тұрғылықты халық қазақ ұлты. Азия арыстаны атанған Ақсақ Темір де бұл өңірде ат шалдырған.

Хан ордасы — Орталық Қазақстанның Ұлытау өңіріндегі жаздық хан ордасы. Орданың сырты дуалмен, оның іргесі айнала ормен қоршалған. Орға арық арқылы іргесіндегі Жанғабыл өзенінен су тартылған. Хан ордасы негізгі екі бөліктен — хан ордасы мен қызметшілер тұратын сыртқы қоршаудан тұрған. Хан ордасы мен қызметшілер қоршауының арасы дуалмен бөлінген. Дуал ішінде ханның салтанатты шатыры, басқа да жаздық тігілмелі баспаналар орналасқан. Дуалдың бұрыш-бұрышында қарауыл мұнарасы болған. Хан ордасына бір ғана қақпа қалдырылған. Хан ордасына таңдап алынған жазықтың төрт құбыладағы тау басынан берілетін белгіні алыстан байқап тұруға лайық стратегиялық мәні ескерілген. Бұл ордада қазақтың бірнеше ханы тақта отырған. Қазақтың тұңғыш хандары Керей мен Жәнібектен бастап соңғы ханы Кенесарыға дейін осы ордада хандық дәрежеде ел басқару ісімен айналысып отырған .Орда Сарлықтан 7 шақырым жерде орналасқан. Қамал қабырғасының қалыңдығы 3,5м, биіктігі 4м болған деп жорамалдайды.Су толтырылған орлардың тереңдігі 1,5м,ені 7м-дей болған .Қоршау ішіне басқа құрылыстар салынбаған.
1992 жылы бұл қасиетті Ордаға дүние жүзі қазақтарының І-ші құрылтайына келген шетелдік қазақ бауырларымыз табан тіреп ата –баба жерімен қауышты.
1993 жылы 15-қыркүйекте Н.Ә.Назарбаев «Хан ордасында болды.Бұл жерде елі сыйлаған хандар өз ордаларын тіккендіктен ұлылардың шапағаты тисін деген ырыммен Президент хан тағына отырғызылып,ханшапан кигізіліп ауыл ақсақалы А.Арыстанов ақ батасын берді.
Алтын шоқы.1391 жылы Әмір-Темір (Ақсақ-Темір) Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа 200 мың әскерімен шығып, Ұлытауға келіп ат басын тіреген. Ақсақ-Темір биік шоқы басына шығып, кең жазира далаға қарап тұрып: «Мынау бір құтты жер екен, бұл жерге қандай белгі қалдырсам екен», — дейді.Әрі-бері ойланып тұрып, керуенмен алып келе жатқан Меторид тасын алдырып, 200 мың әскерге бір-бір тастан тастатып биік тау тұрғызып, басына тас қорытатын пеш салдырып, жанындағы өзеннен тал қидырып, көмір жасап меторид тасын балқытып, мынадай мағынада жазып қалдырады: «Мен Тұранның бегі Темір-бек хиржаның 1391 қой жылы Ара айының 21 күні Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шығып, ұрпаққа белгі қалдырдым. Алла ісімізге жар болсын!». Плита бұрын үлкен шұңқыр үстінде орналасқан. Осы жерде қыш күйдіретін пеш болған. Шұңқырдың диаметрі 22 м,биіктігі 3 м. Бұл белгітасты 1935 жылы Қаныш Сәтпаев тауып , 1936 жылы ауыл адамдарының көмегімен арбаға тиеп Жосалы темір жолы арқылы Ленинград эрмитажына өткізген. Бүгінде ол тас 10-шы залдың екі терезе аралығындағы көрмеде тұр.1989 жылы жерошақ басына көрмедегі тастың көшірмесі қойылды.

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.