87212445614

Улытауский район Средняя школа №3 Аманкельды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлытау-қазақтың көне ғасырлық
таихында ұлан-асыр  оқиғаларды бастан
өткерген,ел басына күн туған шақтарда
халқымызға пана болған,хандарымыз өз
ордаларын тіккен,билеріміз бен батырларымыз
бастарын қосып,елдік мәселелерді шешкен,
киелі де құнарлы әрі қазыналы өлке.
Н.Ә.Назарбаев
Ұлытау елді мекенінде бүгінгі күні тарихи-мәдени ескерткіштер саны 736. Егеменді ел болғалы археологтар 10 мыңнан асатын тарихи-мәдени ескерткіштер тауып, енді ғылыми тұрғыда анықтап жатыр. Қола дәуіріндегі қоныстар орны, көне өндірістер іздері, тас қоршаулар, таңбалы тастардағы белгі таңбалар, Алтыншоқыдағы Ақсақ Темір әмірімен тасқа қашалып қалдырылған жазу, Хан ордасы орны, Алтын орда әмірлері Едіге, Тоқтамыс хандар жерленген жерлер, Алаша, Жошы хандар, Құтылық-Темір, Болған ана мазарлары, Домбауыл кесенесі, Кенесары қорғаны, Кейкі батыр үңгірі т.б. қазақ елінің мұншалықты бай мұралары бүкіл әлем мәдени-тарихи туризмін қызықтыруда.
Таулары тарих,даласы дастан ,туған жер!
Аманкелді ауылы  ертеден қазақ халқы үшін қасиетті мекен болған Ұлытаудың батыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік батысында Қызылорда,

Ақтөбе облыстарының Арал,Ырғыз аудандарымен, батысында Торғайдың  Ақкөл Ахмет Байтұрсынов атындағы ауылымен, солтүстігінде Аманкелді ауданының Сарыторғай   ауылымен,  Ұлытаудың Шеңбер,Ұлытау селосымен, оңтүст оңтүстік шығысында Жезді өңірінің Қарсақбай, Ақтас елді мекендерімен шектеседі. Аманкелді ауылының шығысында Едіге тауы мен Кішітау,сондай-ақ өте биік емес Мырзамсейіт,Ақпанбет,Тоқпанбет тау шоқылары орналасқан.Село орталығынан 7 шақырым жерде жасанды Кененбай тоғаны,сондай-ақ Итауыз,Ащылысай тоғандары да ауыл маңайында орналасқан.Қаратал,Тамды,

Жыланшық,Шығырлы,Дулығалы,Ағатай,Жетіқыз,Қаракөз, Балға,Балта өзендері және Бозшакөл,Ағатай тұзды көлі бар. Орталығы- Сарлық селосы. Аудан орталығынан 40км. Жезқазған қаласынан 180 км жерде орналасқан. Тұрғылықты халық бес фермаға бөлініп орналасқан.  №1 ферма орталығы –Сарлық селосы, №2 ферма орталығы – Үмбет, №3 ферма орталығы – Қорғантас, №4 ферма орталығы Боздақ, №5 ферма орталығы – Әли. Осыншама елді- мекенге ертеде бабаларымыз әр ру бойынша өзіндік жер бөлінісіне ие болып, жеке-жеке өмір сүрген. Тек Кеңес Одағы құрылғаннан кейін 1935-1937 жылдарда колхоздастыру кезінде орталыққа қоныстанған. 1957 жылы совхозға  көшіріп, 308 колхоз мүшелерінің еңбек стажы есептелініп, кеңшар мүшелігіне алынған. Одан кейінгі жылдары халық саны өсіп 1700-ге жеткен. Жер көлемі үлкен. Халық сирек қоныстанған. Тұрғылықты халық қазақ ұлты. Азия арыстаны атанған Ақсақ Темір де бұл өңірде ат шалдырған.

Тарихи орындар және тарихи ескерткіштер

Хан Ордасы,Едіге батыр мазары ,Тоқтамыс хан бейіті,Айбас дарасы,

Бабыр бидің аманат орны,Шегір би мазары,Кейкі батыр бейіті,Қойлыбай бақсы кесенесі,Дулығалы мешіті,Құлмұхаммед ишан кесенесі.

Топонимика

Ата-бабаларымыз өзен-көл,ойпат-жазық,тау-қырат аттарын кездейсоқ қоя салмаған.Кейбір атаулар мағынасына аңыздар негіз болса,енді біріне сол жердің табиғаты ,онда өсіп-өнетін өсімдіктер ,сол жерде болған елеулі оқиға немесе сол жерді алғаш мекендеген адам атына орай аталынып отырған.

Сырлы өлкенің жер-су атпауларынан сыр шертсек,Аманкелді аталынып отырған ауылымыздың орталығы ертеден «Сарлық» деп аталған.Бұдан бірнеше жыл бұрын бұл жерде Ақкөл деген үлкен көл болған көрінеді.Бір жылы қар мол түсіп,су қатты тасып,жырылған көл бірте-бірте қу тақырға айналады да,кейін сол тақырға қаптап сап-сары шөп өседі.Айналаға қарап тамсанған ел «бұл не деген сарылық»деп тамсанады.Содан Сарлық атанған көрінеді.

Жетіқыз өзенінің аталуына байланысты аңыз .Ертеде елді қалмақтар жаулап алып,ер-азаматтарды қырып өлтіріп,қыздарын өз елдеріне күң етіп алып кетпекші болып әкеле жатқанда іштерінен бірі : «Соңғы өтінішіміз болсын ,мына кір жуып,кіндік қанымыз тамған жердің суына шомылып,ел-жұртымызбен қоштасайық»деп,рұқстат сұрайды. Өзара келісіп ,жеті қыз «қалмаққа күң болғанша» деп,биік құздан бірінен соң бірі суға құлап өлген көрінеді.Содан Жетіқыз атауына ие болған деседі.
Дулығалы өзені.Көнекөз қариялардың айтуы бойынша бұл жерде ХІХғасырда өмір сүрген халық арасында көшелі сөзі,еселі ісі,көзсіз ерлігімен кейінгі ұрпаққа өнеге болған Көшербайұлы Дулыға батыр 1890 жылы Шудан Есілге көшіп келе жатқанда ,жылдағы мал төлдететін жері Жыланшыққа таяған кезде қатты ауырып қайтыс болады да, осы жерге уақытша аманатталынып қойылғандықтан бұл жер Дулығалы деп аталып кеткен екен.Кейін мәйіті Түркістанға жеткізілген.
Шығырлы өзені.Бұл өңірде аталарымызмал шаруашылығымен қатар егін салумен де айналысқан.Осы өзен бойына Шегір бидің немересі Темірбек деген ақсақал алғаш суармалы егін үшін шығыр,яғни суды егістікке жеткізетін құрал орнатқан көрінеді,содан Шығырлы деп аталған.

Тамды өзені.Там-мола ,бейіт деген мағына,оған –ды жұрнағы тіркеліп жасалған атау.Яғни,өзен бойында там көп деген мағынаны білдіреді.

Кішітау.Кіші және тау сөздерінен құралған. «Үлкен емес тау»мәніндегі атау.

Кішітау-Ұлытау жотасының оңтүстік-батысында орналасқан.Ең биік жері -793м.Солтүстіктен оңтүстікке қарай 25 км-ге созылып жатыр.Тау басы жатық,көлбеу беткейлері қорым тасты.

Боздақ -аталу сыры тарихи құпия тәрізді.Ел іргесіндегі Боздақ деп аталатын төбенің ең биігінде тастан соғылған бейіт бар.Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда осы жерді ертеде Жабай ата мекендеген.Төбе басындағы бейіт Жабай атамыздың Боздақ есімді бір баласы екен.
Ағатай өзені-Шегір би ұрпағының атымен аталған.

Кененбай тоғаны.Бұл жерді руы Байназар Кененбай деген кісі ұзақ уақыт жайлап отырғандықтан сол жердің иесісі ретінде тоған Кененбай аталып кеткен.

Бұл аймақтағы көптеген тау,шоқы,жер,қыстақтар аты осы жерге алғаш қоныс тепкен Бөкенбай ұрпақтарының атымен аталады.Мырзамсейіт,Тоқпанбет,
Ақпанбет шоқылары,Тоқсейіт,Құба,Усабай қыстақтары,Бұлқыштың көңі

(Баубек Бұлқышевтің әкесі отырған жер) деп аталса,осы аймақты мекендеген арғын Төлек бабамыздың ұрпақтары атынан
Қозыбек,Баршынбай,Кәутай деген,Қыпшақ ұрпақтарынан
Байділдә,Көлбай,Бекжан,Қосқонған,Ақшал деген қыстақ аттары бар.

Әліби Жанкелдиннің туған жері деп аталса,Балыққара суы бойындағы Аманкелді Имановтың әкесінің отырған жеріҮдербай көңі,Аманкелдінің атасы қоныстанған жер Иманның қорасы деп аталады.

Сонымен қатар сол жерде өсіп өнетін өсімдіктерге де байланысты жер атауларын кездестіруге болады.
Қарағанды сайы,Ақши,Тасөткел,Құмөткел.
Табиғаты және табиғи қорлары

Аманкелді елді мекенінің аумағы екі агроклиматтық белдеуде орналасқан:елсіз бос шөл ландшафтары басым келетін географиялық белдеу  және қуаң дала белдеуі болып келеді.Бұндай белдеудің ауа-райы шұғыл континентальдығымен ерекшеленетіндіктен бұл өңірде күн мен түннің ,жаз бен қыстың алмасуы кезінде ауа-рай да шұғыл өзгеріп,ыстық пен суық температурасы тез тоғысып құбылмалы болып,көбіне жел,дауыл жиі соғып тұрады.

Көктем ерте шығады.Жаза құрғақ ,ыстық.Ауаның құрғақшылығы аңызақ желдер соққанда тіптен күшейеді.Аңызақ желдер әсерінен туындайтын қуаңшылық зардабы жаз айларында жазық далаларға ,олардың өсімдіктер әлеміне зардабын тигізіп дала сарғайып,өсімдіктер қурап ,табиғат шөлдік рең алады.

Күз айы да құрғақ болып келеді.Бұл уақыттағы айлық жауын-шашын шамамен 50 мм.мөлшерінде .Орташа аязсыз кезеңі 5 айға созылады.

Қыс қазан айының аяғында басталып,қар жамылғысы қараша айының үшінші онкүндігінде тұрақталады.Ең суық ай қаңтар.Қыстың ұзақтығы 3-3,5 айға созылады.

Аманкелді ауылының шығысында Ұлытау тауларымен шектескен Едіге тауы және Кішітау,сондай-ақ өте биік емес Мырзамсейіт,Ақпанбет,Тоқпанбет тау шоқылары орналасқан.Оңтүстік батысында құмды массивтер қалыптасқан.Батысы жазық далалы болып келеді.Барлық жерде Ұлытаудан бастау алатын бұлақ көздері кездеседі.Бірақ оның көпшілігі жаз айының ыстық ,құрғақ болуына байланысты кеуіп,көздері бітеліп қалады.

Село орталығынан 7 шақырым жерде жасанды Кененбай тоғаны орналасқан. Ауыл маңында   Итауыз,Ащылысай тоғандары бар.Қаратал,Жыланшық,Тамды,

Шығырлы,Дулығалы,Ағатай,Жетіқыз,Қаракөз,Балға,Балта өзендерінде,

тоғандарында шортан,ақбалық,сазан,қарабалық,табан балық,алабұға сияқты балық түрлері кездеседі.

Көлдер:Бозшакөл,тұзды көл Ағатай.Ағатай тұзды көлінің сазы арнайы зертханалық зерттеуден өткізіліп,кеңшар кезінде ауылдағы аурухана,Жезқазған,

Жездідегі емдеу-сауықтыру орындарында сырқаттарды емдеуге пайдаланылып  келді.

Елді мекендердің аттары: Боздақ,Обалы,Шәлтік,Мыңбай,Сартау,Екіаша,

Нәдірбай,Қорғантас,Айбас,Әмір,Бақатас,Сәмбет,Мән,Шаухар,Аққошқар,Итауыз,Дара,Үмбет,Досжан,Ақшал,Қосқонған,Бекжан,Қайырбек,Орман,Баршынбай,

Қозыбек,Тоғызбай,Әли,Усабай,Көлбай,Ақпанбет,Әділбай,Қаратал,Кененбай.

Өсімдік әлемінен шөлейтке бейімделген өсімдіктер түрлері көп кездеседі.Ерте көктемде мамыр айында топырақта ылғал мол,жауын-шашынды кезде өсімдіктер барлық жерде қаулап өседі де,жаз шыға жылдам қурайды.Күзде салқын түсіп,жаңбыр көбейген кезде көптеген өсімдіктер қайта көктейді.Бұл өңірде көпжылдық өсімдіктерден боз бетеге,қара жусан,сұр жусан,көкпек,селеу,боз өссе,шоқылар арасындағы шатқалдар мен жазықтарда қараған мен тобылғы өседі.

Өзен бойларында тоғайлар сақталған.Оларда тал,қараған,жиде,шілік,сиыр бүлдірген (ежевейка),жабайы қарақат,долана,итмұрын,құндақ шабындықтарда қой бүлдірген,қарандыз,жалбыз ,т.б көптеген емдік шөптер мен гүлдер өседі.

Едіге тауында арша,тау беткейлерінде қайың,терек,тау жуа,жабайы сарымсақ өседі.

Жануарлар дүниесінен қасқыр,түлкі,қарсақ,ши бөрі,жабайы шошқа,киік,елік,

сілеусін,суыр,зорман,борсық,күзен,қосаяқ,қоян,яғни далалық зонадағы жабайы аңдар кездеседі.

Құстар әлемінен қаз,үйрек,тырна,дуадақ,бұлдырық,шіл,сауысқан,құр,үкі,шымшық,бозторғай,қарақұс,ителгі,жарқанат т.б.ұсақ торғайлар,Кененбай тоғанына аққу,шағала келеді.Едіге тауында бүркіт,ұлар мекендейді.

Алтыншоқы

Көз тартады өзен- көлің , тау-тасың

Толы тарих қарасаң бұл жер картасын

Алтын шоқы- деп аталған төбе бар

Қазандайғып ойып қойған ортасын

Алтынданған осы жердің әр тасы

Ақсақ Темір бастап келіп қол басын

Тастарды алтын сол қазанға балқытып ,

Қалдырып атын , алып кеткен олжасын

Ауыл ақсақалы Домбаев Сайран Алтыншоқы жайында өз  естелігінде былай деп сыр шертеді: «19 жылдың күзінде Алтыншоқыға Қаныш ағамыз келіп, Ақсақ Темір қалдырған жай тасын ұзақ зерттеді. Келер жылдың яғни , 1936 жылдың көктемінде қайта келіп, «Бірлік» колхозының  барлық ер- азаматтарын  жинап, таудан терек қидырып , сол теректер арқылы  салмағы 1 тонна болатын   тасты төмен сырғытып, машинаға ел болып, салып Жосалыға дейін алып барады. Әрі қарай Ленинградтағы Эрмитажға тапсырады»

Тарих теңізінің толқынын тербеткен  сан теңселткен осынау Ұлы даланың кіндігі – Ұлытауда Азияның арыстаны Ақсақ Темір  де ат шалдырған. Аманкелді ауылында, Алтыншоқы тауының басынан табылған тақта таста  «Қой жылы (1391ж.) Темір Тоқмақ еліне Тоқтамыс ханды шабуға бара жатып соқты. «Осы тұрған жерге оба орнаттым. Барша жұрт дұға оқып мені жадында сақтасын» деп бұйрық еткен жазбалар бар. Осы тақта тасты Қ.И.Сәтбаев Ленинградтағы Эрмитажға сақтауға тапсырған.
Хан ордасы
Ұлытау ауданынан  солтүстік батысқа қарай 18 км жерде теп –тегіс  жазық далада үйіндісі сақталған  аса маңызды  тарихи ескерткіш. Қаратал өзенің сол жағалауынан бір км  жерде. Төрт бұрышты етіп салынған құрылыстың ұзындығы 150 м , ені 90 м шамасында . Бір – бірімен  жапсарластыра салынған арасынан су ағатын ор өтетін  екі бөліктен тұрады.Үйінді бұрыштарының барлығы биік ,әрі енділеу.Олардың  сақшы – қарауылшыларға арналған мұнара екендігін  байқауға болады. Қамалдың оңтүстік  қапталының  орта тұсында  үйінді  аласалау әрі енсіздеу.Соған қарап , бұл жерде ішке кіретін қақпа болғандығын  көреміз.Сондай- ақ құрылыстарды бір- бірімен байланыстыратын есіктер , шығыс бағыттағы қабырғаларда болған. Есіктерге қарама-қарсы  орданы  қоршаған су  толған  орлардың үстіне көпір – өткел  салынғаны байқалады. Қамал қабырғасының қалындығы  3,5 м, биіктігі 4 м болған деп жорамалдаға болады. Су толтырылған  орлардың тереңдігі 1,5 м , ені 7 м – дей болған . Қоршау ішіне басқа құрылыстар салынбаған. Хан ордасынан оңтүстік- шығысқа қарай 1,5-2,0 км жерде осыған ұқсас , тек аумағы  жағынан анағұрлым  кіші тағы  бір ежелгі  ескерткіш тұр. Академик Ә.Х.Марғұлан Хан ордасын IX-XIII ғасырларда  қорғаныс үшін тұрғызылған қамал- бекіністер тобына жатқызады. Хан  ордасына алғаш рет    Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы 15-қыркүйекте келді. Сол кезде халық Елбасын ақ киізге отырғызып , ауылымыздың ақсақалы Арыстанов Ахмет бата берген болатын. https://youtu.be/686W7reJYUE

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.