87212445614

ШИ №22

 

Табиғи қайың тоғайы

Табиғи қайың тоғайы — Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының аумағында, облыс орталығынан солтүстік-шығысқа қарай тас жол бойында Теміртау бағытында орналасқан.

Табиғи қайың тоғайы — Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының аумағында, облыс орталығынан солтүстік-шығысқа қарай тас жол бойында Теміртау бағытында орналасқан. Тоғай 10 гектар аумаққа таралған.Қарағанды маңындағы қайың тоғайы 1986 жылы пайда болды. Ол қаланың айналасында жасыл аймақ құру үшін отырғызылды. Осылайша, билік Пришахтинск индустриалды аймағының экологиясын жақсартуды жоспарлады. Ол үшін алты мың қайың көшеттері отырғызылды.

Қайың-ақ түсті қабығымен ерекшеленетін ағаш. Олардың өмір сүру ұзақтығы 100-150 жыл екен.

Сыланған сұлу ақ қайыңдар талай ақын-жазушылардың өлең-жырларына арқау болған. Қайыңды орман-басқа ормандарға қарағанда, кереметтей нәзік, әдемі көрінеді. Сондықтан да оның адамға әсері, эстетикалық ләззаты ұшан –теңіз. Сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі саналатын ақ қайыңның құрылысының маңызын былай қойғанда, одан алынатын шипалы шырыны жайлы жеке әңгіме етуге болады. Жергілікті тұрғындардың да қайыңның қабығынан шырын алатынын мына кесілген  қабық жолақтарынан  байқауға болады.

Табиғи қайың тоғайының аумағында ақ діңгек жіңішке ағаштардың көптігі соншалық, кейде көзге сену қиын. Бұл табиғат аясында демалуды армандайтын қарағандылықтар үшін сүйікті демалыс орны. Мұнда адамдарға демалуға немесе таза ауамен серуендеуге болады. Көптеген жылдар бойы табиғи қайың тоғайында университеттік бағдарлау жарыстары өткізіліп тұрады. Жаңа қайың шырыны суық тию мен тері ауруларын емдеу үшін, ал қайың саңырауқұлағы — чага ісікке қарсы құрал ретінде қолданылған. Сондықтан қайың тоғайында серуендеу көптеген ауруларға, әсіресе өкпесі әлсіз адамдарға, туберкулезбен ауыратындарға және тері ауруларымен ауыратындарға арналған әмбебап құрал болып табылады.

… Қарағанды қаласының №22 мектеп-интернатының «Жас зерттеуші» тобы «Ел мен жер егіз» ұранын ұстана отырып, өз өлкеміздегі «Қайыңды тоғайға» зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу жұмысында веб дизайнер қызметін атқарған:Зұлхарнай Сабина
зерттеуші: Еркінқызы Аяулым
Журналист: Акимова Аяулым
«Жас зерттеуші» тобының жетекшілері: Акселеуова Жанаркуль Тажыбаевна, Аканова Жаннур Нурлановна
Зерттеу мақсаты: Туған өлкеміздегі қайынды тоғайдың пайда болу себебін,қазіргі таңдағы жағдайын анықтау.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.