87212445614

Балқаш қаласы, «Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Өрлеу»

 

«Таңбалы тас» шатқалы

Жартасқа түсірілген таңбалардың ең көнесі шамамен XI ғасырдан басталады да, XIX ғасырға дейін жалғасады

Саяқта Таңбалы тас деген шағын шатқал бар. Тіп-тік құзға салынған суреттер. Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың тасқа жазып түсірген мыңдаған танбалары және ел басқарушылардың қол қойған аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген әдемі өрнектер, «қошқармүйіз », «түйе табан», «кісінің ізі», « аттың ізі» т. б. таңбалар көптеп кездеседі. Мұндай қалың жазулармен таңбалардың тұрған жерін қазақтар ерте заманнан бері қарай «Таңбалы тас», «Таңбалы жар » немесе «Таңбалы Нұра» деп атаған. Жартасқа түсірілген таңбалардың ең көнесі шамамен XI ғасырдан басталады да, XIX ғасырға дейін жалғасады.
Таңбалы тасты алғаш ашқан ғалымдар «тарихтың зор куәлігі» деп атаған (А. И. Шренк). Ол таңбалар Орхон-Енисей жазба ескерткіштері таңбаларымен еңдес белгілер болып табылады. «Біз бұл таңбалы тастан Сібірдегі қия тасқа түсірілген жазу үлгілері сияқты белгілерді табуға үміттендік, ол үмітіміз босқа кетпеді. Ондағы орхон жазуына ұқсас алфавиттен бірнешеуін түсіріп алдық» деп жазады ғалым А. И. Шренк. Бетпақдаланы зерделей зерттеген атақты инженер Ю. Шмидтің бақылауынша Таңбалы тас қазақтың жан тәнімен ардақтайтын бір киелі тасы.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.