87212445614

Сәтбаев қаласы, «С.Сейфуллин атындағы гимназия»

Шахтер алаңы

Қаланың академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің атымен аталуы зор мақтаныш. Жерімізде мыс кенін тауып, халқымызды қуанышқа бөледі. Шахталарда не бір еңбек ерлері жұмыс атқарады. «Шахтер» монументі Сәтбаев қаласының өзгеше нышаны, оған Қазақстанның мыс кенін игергенін бейнелейтін қажырлы еңбектің көрінісі. Бұл ескерткіш 2015 жылы Сәтбаев мыс кенін өндіру шахтерларының құрметіне орнатылған. «Шахтер» монументі мүсінінің салмағы шамамен 1 тоннаны құрайды және маңайында кенді алуға, тасымалдауға пайдаланған ауыр техника жабдықтары тұтас ансамбль құрап тұр. Шахтердың мүсіні қоладан жасалып, тұғыры бетоннан құйылып, гранитпен қапталған. Осы монументті орналастыру жері кездейсоқ етіп таңдалмаған. Даңқты шахтер Жезқазған кен-металлургия комбинатының директоры, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы В.В Гурба көшесінде орнатылған. Монумент идеясы — кеншілердің ауыр еңбегін бағалау, еңбексүйгіштігі мен қаһармандық еңбегіне құрметпен қарауға арналған және қала тұрғындарына қуаныш сыйлау. Шахтер алаңы қала тұрғындарының отбасымен демалатын сән-салтанатты орынға айналды. Шахтер алаңы қаланың көркіне көрік қосып тұр.

Бабыр би көшесі

Шахтер алаңы өз кезегінде Бабыр би көшесіне ұласады. Бұл көше Сәтбаев қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бабыр би көшесінде №5 орта мектебі, Алешка дүкені және жеке меншік нысандары мен тұрғын үйлер шоғырланған.
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2002 ж 12.06. №151 шешімімен Достық көшесі Бабыр би көшесіне өзгертілді.

Бабыр би Бабаларымыз өз ұрпақтарын ерлікке, бірлікке баулыған. Ұрпағының сөйлеген сөзі, істеген ісі- тұнып тұрған даналық пен ерлік Бабыр би шамамен 18 ғасырда Ұлытау жерінде өмір сүрген. Қызылтас-Ибеске-Жұртшы болысын ант беріп Ресей қарамағына кірген күннен бастап(1832), 1958жылға, Қосбол Қуандықов болыс болып сайланғанға дейінгі уақытта үздіксіз басқарған. Кенесары көтерілісінің мәні мен мақсатын жан-тәнімен түсініп,одан қолдау-көмегін аямаған адам ретінде белгілі. Бұл Бабыр бидің туған елінің азаттығы мен дербестігін аңсаған ерекше дара тұлғалардың бірі екендігін аңғартады.
Кенесары ханның ұлт-азаттық көтерілісінің мәнін жақсы түсініп, қолдау көмегін жасаған. Кенесары хан көтерілісі кезінде хан бастаған қолға өз ұлдарын жіберген.
Бабыр би Түркістанда, Әзірет Сұлтан кесенесіне жерленген.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.