87212445614

Qarsaqbai jazgy saiabagy

Жазғы саябақ

Кейбір елді-мекендердің табиғи-климаттық жағдайы қатал болып келеді. Табиғаттың осындай қатал тұстарын халықтың өмір сүріп, жұмыс істеп және демалуына ыңғайлы ету үшін, көгалдандырудың алатын орны ерекше. Ауа райы экстрималды өңірлерде көгалдандыруды жүзеге асыру маңызды рөл атқарады. Барлық саябақтардың дүниеге келуі адам қолымен жүзеге асырылған. ТМД елдерінің ішіндегі алғашқы саябақтардың бірі осы Қарсақбай кентінде 1929 жылы Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен қолға алынған. Саябақтың бас бағбаны ретінде әуесқой өсімдіктанушы Г.П.Зуб еңбек сіңірді

Қарсақбай-Менің жанымның астанасы

М.К.Сатпаева

Саябақ Қарсақабай кентінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Нысанның ауданы шамамен 18 гектар. Саябақтың солтүстік бөлігінде елді-мекенді сумен қамтамасыз ету үшін, жасанды су қоймасы құрастырылған. Ағаштарды суару үшін де осы су қоймасынан су алынады. Саябақ ішіндегі ағаштардың саны 5000-нан астам. Ең үлкені ағаштар шамамен 90 жаста.
Саябақтың ішінде спорттық және мәдени іс-шараларға арналған орындар бар. Спортқа арналған футбол, волейбол, жеңіл атлетика және қалашық ойынына арналған алаңдар. Мәдени демалысқа арналған субұрқақ, жазғы кинотеатр, би алаңы, сауда-саттық және қоғамдық тамақтануға арналған орындар бар

Мейіз Қанышқызы Сәтбаева 2003 жылғы естелігінен

Бала күнімнді есіме алсам, Қарсақабайда көптеген адамдар тұрды. Мысалы, соның бірі елсіз жерге жайқалтып бақ өсірген Григорий Павлович Зуб атай.  Біз әжеміз екеуміз оның өсірген бағына жиі баратынбыз. Оның жылыжайында әр түрлі тылсым сырға толы өсімдіктері мен гүлдерінің иісінен басың айналатын. Зуб атай мен Менің әжем Мәскеуден тапсырыспен тұқымдар алдыртатын. Оның гүзарларында біз таны біле бермейтін шетелден әкелінген гулдер де көптеп кездесетін. Қарсақбайдың саябағы жасанды су қоймасының жайығында орналасқан және қарсақбайға қайталанбас пейзаж ұсынып тұр.

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.