87212445614

Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия — Достық үйі

Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия — Достық үйі

Қазақстан халқы Ассамблеясы-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету болып табылады. Ассамблея бүгінде оның төрағасы – Ел Президенті, Конституцияның кепілі басқаратын конституциялық орган болып табылады.

«Қызметтің міндеттері:

1) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға жәрдемдесу;
4) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға атсалысу;
5) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін елде және шетелге танымал ету;
6) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;
7) этносаралық қатынастар саласында, оның ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласына мониторингті жүзеге асыру;
8) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысу; 9) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;
10) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек;
11) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізу, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;
12) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
13) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу;
14) Қазақстан этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдем көрсету;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.