87212445614

№17 Байқоңыр ЖОББМ

Ұлытау баурайындағы бұлақтардан өз бастауын алып оңтүстік-бастысқа қарай екі өзен ағады: бірі Білеуті, екіншісі Бұланты.
«Бұланты шайқасы» стеласына келсек. 20 тамызда Ұлытау ауданындағы Бұланты өзенінің жағалауында, Байқоңыр ауылының оңтүстік бағытқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Ұлытау» қорықмұражайының аумағында орналасқан «Үйтас» шатқалының жотасында «Бұланты шайқасы» ескерткіш кешенінің тұсау кесер рәсімі өткізілді. Салтанатты рәсімге Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, «Қазақмыс корпорациясы» ЖСШ басшылығы, Қазақстанның танымал қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, журналистер мен Бұланты ұрысында ерлік көрсеткен батырлардың Қазақстанның әр аймағынан жиналған ұрпақтары қатысты.
Ескерткіш стела мен аталған шайқасқа қатысушы отыздан аса батырдың есімдері жазылған көлемді 8 гранит белгіден тұратын кешенді орнату мәселесін қозғаған бастамашылардың қатарында баҺадүрлердің бүгінгі ұрпақтары мен «Ұлытау» қорықмұражайы болды. Стела қазақтың үш жүзінің бір мүдде жолында бірігіуін айшықтайды. Биіктігі 7 метрді құрайтын монументтің тиянақталар тұсына ұшы көкке қарай ұмсынған найза орнатылған. Төменгі жағы – үш қырлы, оларға дөңгеленген пішімдегі үш қалқан орналастырылған. Монументтің авторы – Жезқазғандық мүсінші Шахибабен Кәменұлы Сейткенов.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.