87212445614

Ұлытау ауданы, №8 Егінді ЖОББ мектебі

Қара Дың

«Қара Дың» ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрылысының бір түрі, құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсайды. Ғимараттың бұл түрі VIII ғасырдағы Қимақ хандығы мен Қарлүқ қағанаты кезінде басым болған. «Қара Дың» есккерткіші Ұлытау ауданы, Егінді ауылы маңында орналасқан.

Ұлытау жерінде бағзы заманнан сақталған өзінің сәулеттік құрылысымен, ерекшелігімен таңдай қақтыратын ескерткіш «Дың» деп аталады. Бұлардың барлығы оғыз-қыпшақ дәуіріндегі атақты әскербасылардың кешені, не сұлу әйелдердің мұнарасы екендігі байқалады, — дейді Әлкей Марғұлан өз зерттеулерінде. Ауылымыздың үлкендерінен естіген аңыздарда бұл ескерткіш қызға арналған деседі. Бұлар Қазақстанға мұсылман діні тарағанға дейін VI-IX ғасырларда тұрғызылған. Ескерткіштің есігі күн шығысқа қараған, асыт төрт қырлы тастан өріліп тоқылған, оның үстіне сүйірленіп шығатын күмбез орнатылған. жергілікті халық оны «Қара Дың» деп атайды. Себебі, табиғи қара тастан салынған. Ескерткіштің сақталған биіктігі 4 метр, сыртқы диаментрі 6,7, ішкі диаметрі 2,65 метр. Құрылыс VII-IX ғасырда салынған ежелгі діни ғұрыптық ескерткіш. Авторы, құрылысшысы белгісіз. .
Ел арасында кең тараған тарихи дерекке сенсек, бұл көне құрылыстар исламға дейінгі дәуірде діни маңызға ие болған.Дың ескерткіштері Қазақстандағы ең көне сакральды нысандар болып саналады. Тарихшыларды таң қалдыратын керемет жайт — талай ғасыр өтсе де, киелі құрылыстар жаңа тұрғызылғандай күйде сақталған.

Бүгінгі күнге дейін бұл ескерткіштер халық арасында құпия мен жұмбаққа толы.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.