87212445614

Ақжал кенті — Ақжал негізгі орта мектебі — «Smart Akzhal»

Көрікті мекен

Ақжал кенті — Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты, Алматы- Нұр-сұлтан тас жолы бойынан 12 шақырым жерде орналасқан кеңішті өңір. Кенттің бұрынғы атауы — Қасқайғыр. 1950 жылы Ақшатау кен байыту комбинатынан бөлініп шығып, 1955 жылы Ақжал кен байыту фабрикасы іске қосылды. 1964 жылы кент ретінде қалыптасты.
Халқы 4000 адам. Аумағы — 303,3 мың га. Кентте 2 мектеп, 1 емхана және почта бар. Сонымен қатар, мәдениет үйі, кітапхана, спорт кешені, жеңіс саябағы секілді мәдени орындар да қамтылған.

Ақжал кентінде мақтан тұтатын жерлер өте көп. Оның барлығын таныстырып қамту мүмкін емес. Сондықтан жеріміздегі ең көрнекті орындардан Батыр Баян кесенесі, Жеңіс саябағы, Ақжал орталық көшесін назарларыңызға ұсынамыз. Панорамалық турда сол жерлерді ашып көрсету үшін, бейне материалдар, Ақжал туралы ән, және қосымша кент туралы документалды фильм ұсындық. Осы жоба барысында қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, таңдап алынған жерлерді барынша ашып көрсетуге тырыстық.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.