87212445614

Сәтбаев қаласы — №15 ЖОББМ

Сәтбаев кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді.
1973 жылы 24 желтоқсан – Никольский поселкісі (қазіргі Сатбаев қаласы) қала атағын алды. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі – мыс.
Бүгінгі таңда кеншілер қаласында осы жылдың есебі бойынша 69 мың 644 адам тұрады. Қалада 34 білім,16 денсаулық сақтау,5 мәдени нысандар жұмыс істейді. Сәтбаев қаласының «Кеншілер сарайы» кешеніне Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Шынболат Ділдебаевтың есімі берілсін деп шешті.
1974 жылы 9 мамыр – «Байқоңыр» кинотеатры ашылды.
2004 жылғы 18 қазанда «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен тау-кен өндіретін Сәтпаев қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды. 2005 жылдың шілдесінде футбол стадионы мен бассейн пайдалануға берілді, ал 2006 жылдың қаңтарында «Арена-2005» мұз сарайы өз жұмысын бастады.
1. Арена-2005 мұз сарайы (2600 орын); 2. Футбол стадионы (2500 орын); 3. Бассейн (700 орын); 4. Қонақ үй (88 төсек);
  5. Спортшылар мен жаттықтырушыларға қызмет көрсету үйі;
  6. Жазғы жабық ойын алаңдары кешені (2 футбол алаңы, теннис корты, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жазғы ойын алаңы).
Сәтбаев қаласы 15 шағын аудандардан тұрады.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.