87212445614

Сәтбаев қаласы №16 ЖОББМ

Сәтбаев қаласы

«1973 жылы қала мәртебесін алған соң, мәдени-тұрмыстың өмірге қажетті нысандар көптеп салынып , мәдени жағдай жақсартылды.1974 жылы 9 мамырда көрермендерге өз есігін «Байқоңыр» кинотеатры айқара ашты. Ол бүгінгі күнге дейін қаланың ең сәнді ғимараттары болып табылады.Бірақ, ол бүгінде «Байқоңыр» кинотеатры болмай, Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер ғимаратына айналып,халыққа қызмет етуде.

Кенді Жезқазғанның жергілікті тұрғындары қазіргі Сәтбаев қаласын ертеректе Досқан деп атаған.Досқан — Бұл көшпенді қазақтың аты.Оның қыстауы ертеректе Кеңгір өзенінің сол жағалауында болған(қазіргі Кеңгір су қоймасы).Досқан — найман тайпасының Бекболат руынан шыққан. Ол кісі түйе палуан болған, ерлігі бар елге жайылып, тіпті Петербургке дейін жеткен екен. Ұрпақтары бүгінде Сәтбаев қаласы мен Жезқазған маңайында тұрады.
Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі — мыс.
Кеншілер қаласы әуелбасты стихиялы түрде, шахталардың маңайында пайда бола бастады, сөйтіп Жезқазған елді мекені Весовая дүниеге келді. Рудник елді мекенінен солтүстік шығысқа қарай 1954 жылы басталған Никольский поселкісінің құрылысы басталды.
1973 жылы желтоқсанда Никольский қала мәртебесіне ие болды.Жыл өткегн сайын қалада алып құрылыс,ғимарат көбейе түсті.
2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге — Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима «Ғаниым, Ғанышым» деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.

Еңбектері
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.

Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қаныш Сәтбаев аштықтан иесіз қалған ауыл балаларына өз көмегін көрсеткен.

«Қазақмыс» корпорациясының ең ірі кәсіпорындарының бірі. Кеніш Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының құрылуынан бастап жұмыс істеп келеді. «Гипротүстіметалл» институтының жобасымен «Анненск» карьері (Батыс Анненск, Шығыс Анненск, Солтүстік Анненск,, Карпиенский, Никольский карьерлері), «Кресто-Орталық карьерлері құрылды. 1948 жылы қазан айынан бастап Анненск карьеріне қазба жұмысы жүргізіле бастады. 60-70 метрлік тереңдіктегі «Кресто-Орталық», «Никольский» карьерлерінің әрқайсысы 200-300 мың тоннаға дейін жылдық өніммен қамтамасыз етіп отырды. Ал, «Анненск» карьері жер бетіндегі ұзындығы 1,5 км, ені 0,5 км, 60-80 метрлік тереңдіктен 500-600 мың тоннаға дейін кен алады. 1955 жылы ең ірі карьер Златоуст-Беловский құрылысы басталды. 1960 жылы «Анненск» және «Зла-тоуст-Беловский» карьері негізінде Солтүстік Анненск кеніші пайда болды. 1981-1982 жылдары Ақши-Спасск карьері ашылды. Бұл карьер жаңа техникамен жабдықталып, сынақтан өтті. 110 тонналы БелАЗ-71191, Экг-10 экскаваторлары т.б. техникалар қолданылды. Бұл карьердің ұзындығы 1500 метр, ені 1300 метр, тереңдігі 180 метр. Златоуст-Беловский, Ақши-Спасск карьерлерінің өндіріс алаңында механикалық жөндеу цехы, электр жөндеу депосы т.б. техникалық қызмет көрсететін орындар ашылды.

Қазіргі таңда Солтүстік Жезқазған кеніші Ақши-Спасск, Орталық-Спасск, Кресто- 8, Итауыз, Батыс Сарыоба, Шығыс Сарыоба, Қыпшақбай, Қарашошақ, Тасқора карьерлерінде ашық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыланды карьерінің өндіріс алаңында үлкен жүк таситын көліктерін жөндеу гараждары бар. Итауыз карьері Жыландының батысында орналасқан. Ұзындығы 2,3 км, ені 0,5 км, жоба тереңдігі 180 метр. Кеніш жоғары сапалы технологиямен қамтамасыз етілген. Солтүстік Жезқазған кеніші жылына 3,0 млн. тонна кен өндіреді.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.