87212445614

город Сатпаев, школа №27

 

«Қ.И. Сәтбаев атындағы мұражай»

«Қ.И. Сәтбаев атындағы мұражай Сәтбаев қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектебінде орналасқан»

№ 27 мектеп құрылғанына — 50 жыл
1970 жыл сол кездегі солақай саясаттың әсерінен №27 мектеп алғашқы қазақ бастауыш сыныптар мектебі болып №19 мектептің ішіңде ашылды. Орыс сыныптары арасында жұмыс істеу қиы болды деп еске алады сол кезде жұмыс істеген ұстаздар Асия Ақшалова, Айша Таңқыбаевалар. Одан кейін сол 1970 жылы қазіргі Мұратбаева көшесідегі барақта орналасқан кешкі мектепке ауыстырды. 1971 жылы қазіргі Бабыр би көшесіндегі №14 мектеп жаңа мектепке көшіп, оның онына №27 мектеп барып алғашқы қазақ мектебі жеке ашылды. Алғашқы директор Жакен Садуақасов болды.Одан кейін 1973-1974жылдары Балдырған Абдікәрімова болды.Қара шаңырақ аталған 27 мектеп.
1975-76 оқу жылында мектеп директоры болып Шабал Бейсенбекова келді. 1981 жылы Қазақ ауылға бұрынғы Мичурин қазіргі Наурыз көшесіндегі арнайы салынған жаңа мектепке көшірілді. Қаланың барлық шағын аудандарынан келіп қазақ балалары оқыды 1800-2000 оқушы оқыды. Әр сыныпта 30-35 баладан оқыды. а ,б, в, г, д сыныптардан тұрды. Мектептің шарықтау кезі осы Шабал Бейсенбекова басқарған кезде болды .№27 жалғыз қазақ мектебі қалаға, облысқа ғана емес, Республикаға белгілі болды. Мектеп облыс көлеміңдегі педагогикалық озық тәжірибе алмасу орталығына айалды. 1983-1990 жылдары Алматы, Москва қалаларының белгілі ғалымдарының қатысуымепн екі дүркін республикалық ғылыми-тәжірбиелік конферециялар өткізді. Мектеп ұжымы республика көлеміндегі «Елім-ай» оқу-эстетикалық бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізді. Мектепте хор, вокалистер, шалқыма домбыра оркестрі, үрмелі аспаптар, би, эстрада, шахмат, мәнерлеп оқу, айтыс, Жас патриот, Дарын, Драма пән үйірмелері жұмыс істеді. Мектеп оқушылары арасында өтетін Республикалық көркемөнерпаздар байқауына жолдама алып 120 бала Алматыға барып 150 мың сайыскерлер арасында 27 мектеп оқушыларынан құралған көркем өнерпаздар 1-ші орын алып келді. 1987 жылы білім ошағының бай оқу-техикалық, материалдық қорын ескере отырып, ұжымның эстетикалық бағыттағы еңбегі бағаланып, ҚР Білім министрлігі қолдауы бойыша Республика бойынша тірек мектебі болып танылды.
27 мектеп ашылғаннан бастап ұстаздық еткен Қосыбаева Рапия зейнеткер ұстаз, Қазақстан оқу ісінің үздігі, Құлманов Жұмағали зейнеткер Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалі иегері, Жұмакүл Жанжігітова Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, Қаланың құрметті азаматы. Қазақстан оқу ісінің үздіктері: Татьяна Степанова Камаева, Үмітжан Кенбаева, Роза Саттарова, Зоя Бегімбетова, Сара Сүйінжанова, Ағайша Садауқасова, Майра Мейрамова, Құралай Сүлейменова, Серікбай Ашықбаев, Тұрсынбай Аширов, Әсия Мұнсызбаева, Роза Жакенова өмірбойы тек 27 мектепте ұстаздық етті. Күлпаш Жүнісова Қазақстан оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалі иегері 27 мектепте еңбек етуде.
Қазақстан оқу ісінің үздіктері: Әсия Ақшалова, Айша Таңқыбаева, Жаңылтай Жәнібекова, Мариям Ибрагимова, Тұмар Айбекова, Нәсіп Исатаева, Жамалқая Жаппасова, Гүлбаршын Сағындықова,Зағира Құлыбекова, Ақнұр Байзақова, т.б ұлағатты ұстаздар да еңбек етті. Күлпаш Жүнісова Қазақстан оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалі иегері 27 мектепте еңбек етуде.
Қара шаңырақ аталған 27 мектепті басқарған азаматтар:
1. Жәкен Садуақасов /өмірде өтті/
2. Балдырған Әбдікәрімова — зейнеткер, Қаланың құрметті азаматты.
3. Шабал Бейсенбекова – зейнеткер, Қаланың құрметті азаматты, СССР, Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалі, Құрмет ордені иегері, 1975-1997 жылдары басқарды.
4. Сауле Сәтиева /өмірде өтті/.
5. Қыпшақбай Сайдалинов — зейнеткер, ұлағатты ұстаз.
6. Алма Аманова — зейнеткер ұстаз, Қазақстан оқу ісінің үздігі.
7. Жеңіс Алмағанбетов — Қазақстан оқу ісінің үздігі, бүгінде Жезқазған қаласы білім бөлімі басшысы.
8. Шермұханбет Мизамбаев бүгінде №1 мектеп-гимназиясында мұғалім.
9. Зәмзәгүл Қиянова — бүгінде Нұрсұлтан қаласында мектеп директоры.
10. Қазіргі мектеп директоры Гүлзия Жүнісова.
Қара шаңырақ аталғаны бекер емес, қаладағы мектептерді басқарып отырған бүгігі азаматтар №27 мектепте білім алған немесе еңбек етіп шыңдалғандар. Атап айтсақ С.Сейфулин гимназиясын, №4 Абай атындағы мектеп-лицейінің, №14, №16, №25 мектептің және өнер мектебінің, кәсіптік білім беру коллежд басшылары – мектеп түлектері. № 5 мектеп басшысы еңбек жолы 27 бастап, ұзақ жыл еңбек еткен.
Мектеп түлектері еліміздің әр саласында еңбек етеді, қайда барсақ та алдымыздан шығады. Қазақмыста еңбек ететің кеншілерден бастап қала басқарып отырған азаматтар да 27 мектептің түлектері

2012-2013 оқу жылында мектепте 2 мұражай жұмыс жасады. Олардың бірі – Қазақстанның ғылым академиясының тұңғыш академигі, геолог, ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы мұражай. Мұражай мектептің І қабатында орналасқан. Өз алдына жеке паспортталған. Аталмыш мұражай ұлы академиктің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Мұражай қорында ұлы ғалым жайындағы естелік суретке толы стендер, кеншілер киімі, Қаныш Имантайұлы зерттеу жасаған орындар жайлы мәліметтер, академик туралы кітаптар, естелік жазбалар, Сәтбаев зерттеу жүргізген орындардан табылған тастар, нақыл сөздер.
Бұл мұражайға жетекшілік ететін география пәнінің жоғары санатты мұғалімі Жунусова Кулпаш Сарсенбековна. Мұражай жетекшісінің бастамасымен қала кұнінде мектепке алғаш келген 1 сынып оқушылары мен ата-аналарына саяхат сабағы жүргізілді. Мұражайдың тыныс-тіршілігімен, ішіндегі орналасқан әрбір тарихи құнды мәліметтер мен бұйымдар жайында 7 сынып оқушылары сөз алып, таныстырып отырды. Ұлы академиктің 114 жылдығына орай мектептегі бұл мұражайға қала мектептерінен оқушылар келіп, көрермен ретінде тамашалап кетті. Тәрбие сағаттары да осы мұражайда өткізілді.

«Ұлы Қаныш жолымен» атты тақырыпта өткен сынып сағатының мәні өте зор болды. Слайдтан әр түрлі материалдар көрсетіліп, мағлұмат берілді. Оқушылар естелікке суретке түсті.
Сәтбаев мұражайында сонымен қатар Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары туралы да құнды материалдар легі бар. Сәтбаев жайында айтылған нақыл сөздер мен оқырмандарға арналған түрлі энциклопедиялар мен кітаптар оқушының іздегенін тауып беретін құнды жазбалар болып табылады.
Мұражайдың негізгі белсенділері «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері. Жас ұландықтар бұл мұражайда түрлі танымдық-әдеби, мерекелік кештерді өткізіп отырады.
Мұражайға күрделі қайта келтіру жұмыстары 2008 жылы жүргізілді. Қарасаң – көз тартқызыр бұл әсем мұражай қала халқы мен оқушылар үшін әрдайым жұмыс жасай берері сөзсіз..


Город
Балхаш

Работа предоставлена учениками школы Зияткер города Балхаш

Бектау-ата

Работа предоставлена учениками №17 школы города Балхаш

Жезказган

Работа предоставлена учениками СОШ №1 города Жезказган

Жас
турист

Работа предоставлена учениками станции Жас турист города
Каркаралинска

Каркаралинск

Работа предоставлена учениками СОШ №1 города Каркаралинск

Город
Сарань

Работа предоставлена учениками ОШ №1 города Сарань

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.