87212445614

«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Приозерск қаласының орталық алаңы

Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте оранласқан Приозерск қаласы. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан елу жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар. Сондықтан әскери сынақ полигонының әкімшілік, әлеуметтік тұрмыстық орталығы болып табылады. Иә, тәуелсіздік алғанға дейін Приозерск қаласы жабық қала болды.

Приозерск қаласы Кеңестер одағының картасында 70 жыл көрсетілмей келді Бірде «Полигон-А» енді бірде «Ташкент-90» деген құпия шифрмен аталды. 1956 жылы Орталық Комитет пен КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы мен салынады. Осы құпия полигонның орталығы Приозерск қаласын салудың басты себебі мына мәселелер болған екен: мемлекеттік ракета шабуылына қарсы кешенді эксперимент жасайтын нысандардың және ракета шабуылына қарсы сынақ полигонының жұмыстарын күшейту, сондай-ақ бұл жерде 10 мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығын құру және әуе шабуылына қарсы сынақ полигонын салу туралы бір ауыздан шешім қабылданған.

Сынақ полигоны еліміздің сол кездегі бес облысының жерінен 8 115 15 гектар жер оның ішінде 4.264.900 гектар жер күнделікті тұрақты пайдалануға, ал қалған жер күнделікті жаттығу үшін бөлініп беріледі. Әскерилер орын тепкен Ақмамық 1956 жылдың қатал қысын әскери палаткаларда өткереді. Ал Қоржынтүбек атауы Приозерск болып өзгертіліп, сол кезде-ақ әскер полигонның әкімшілік басқару орталығына айналдырылады. Қала мен сынақ нысандарының құрылысы орталық тарапынан қатаң бақылауға алынады. 1961 жылы 4 наурызда полигонда баллистикалық ракетаның алдыңғы бөлегі атып түсіріліп, аспанда жойып жіберуді іс жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет болған еді.

Қалашықта 1963 жылға дейін тек әскерилер мен олардың отбасылары ғана тұрды. 1963 жылдың 28 қазанында қалалық кеңестің бірінші сессиясында төрағалық еткен полигон командирі С.Дороховтың ұсынысы бойынша Приозерскіге қала мәртебесі берілді. Приозерск қаласында 1990 жылға дейін одақтық көлемдегі әскери-ғылыми кеңес жұмыс істеді. Мұнда 800-ге жуық адам кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған.

Қаланың да, полигонның да жағдайы одақ тараған жылдары қиындап кеткен еді. Әскери адамдар елдеріне кетіп, қала иесіздікке ұшырады. 1998 жылы Приозерск қаласында №44841 әскери бөлім құрылды. Қазірде қаланың жағдайы жақсаруда. 1995 жылы қалада Балқаш тау-кен компаниясының алтын қорыту фабрикасы іске қосылды. Мұндағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер саны 300-ге жетті, қосалқы шаруашылық ашылды. Қаланың мәдени өмірін қалыптастыруда да бірқатар шаралар жүзеге асты. Қалада қазақ және орыс мектебі,өнер және спорт мектептері жұмыс істейді. 1999 жылы қалада 11 мың халық болса, бүгінде оның саны 25 мыңнан асып отыр. Халықтың саны демографиялық жағдайда өсіп отыр.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.