87212445614

Қаражал қ. Жәйрем кенті №30 ЖББОМ

«Мұражай – өткен мен болашақты жалғастырушы»

«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.« Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті.
Мәдениет — ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»

Аманжол Н. Автор

Тәуелсіз еліміздің алғашқы елбасы Н. НАЗАРБАЕВ
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы тарихи мұраларымыз бен ескерткіштерімізді зерттеу, насихаттауға бүтіндей қоғамның бетбұрысын қалыптастырады.
Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, әрине, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық.
Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды.
Осындай іс-шарадарды іске асыру негізінде мектебіміздің төрінен,мектеп мұражайы орын алды. Мұражайды ашудағы мақсатымыз келер ұрпаққа өз туған өлкесінің, білім алып жүрген мектебінің тарихын білу. Биылғы оқу жылынан бастап, оқу бағдарламасына өлкетану факультативтік сабақтар енгізілген болатын,онда оқушылар жалпы өлкеміздің тарихын танып,білуде. Мұражайға өлкеміздің белгілі азамат,азаматшалары келіп тамашалауда,әр түрлі іс-шаралар өткізіліп,оқушылар мектеп тарихымен таныстыруда.Мектеп ұжымы жеткіншектердің жарқын болашағы үшін барынша ат салысуда. Мұражайда кентіміздің тарихыда көрсетілген. 1972 жылы ашылған уақыттан бергі білім ордамыздың басшыларының , жарқын түлектерінің тақтасы бар. Мектеп түлектері ұшқан ұяларын ұмытпағандықтарын білдіріп, мұражайды ашуға қаржылай көмектерін көрсетті.Өткен тарихты келер тарихпен жалғастыру міндеттерімізді іске асыруда елеулі,жаңашыл іс-әрекеттер ұйымдастырылуда. 48 жылдан бергі мектебіміздің тарихы осы мұражайда толығымен айқындалып, көрсетілген. Бұндай игі істер жалғасын табады.

Мектебіміздің 2- қабатындағы мұражай «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ алғашқы директоры Садық Қасымұлы Асатовқа арналған. Біз, Отанымыз Қазақстанның қойнауы бай өлкелерінің бірі Жәйремде пайдалы қазбалардың түр-түрі кездесетінін білеміз. Пайдалы қазбаларды игеру бойынша еліміздің көптеген ірі қалаларымен, нақтырақ айтсақ, Өскемен, Зырьян, Риддер, Астана, Көкшетау, тіпті, шетелдік кейбір мемлекеттермен де тығыз байланысты. Біз іргетасы 1972 жылы қаланған Жәйрем кентінің тарихына, қойнауы бай кенді өлкеге арнап мектебіміздің ішінен мұражай ашуды жөн көрдік. Бұл мұражайды ашу идеясы мектебіміздің директоры Бахтыбаева Гүлнар Әбікенқызы болды. Бұл игі бастаманы ары қарай дамытуға тарих пәнінің ұстаздары Шегебаева Д.Б. және Байбурова Д.С. құнды материалдар жинақтап мол үлестерін қосты. Мұражайды ашу барысында, кен қойнауын игеруші «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ алғашқы директоры Садық Қасымұлы Асатовқа ерекше көңіл бөлдік. Мұражайды ашуда басты демеушілер мектебіміздің ұстаздар ұжымы болды. «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ-нан құнды деректер, тарихи заттар алынып, мұражай қоры күн санап толыға түсуде. Асатовтар отбасы мұражайды Садық Асатовтың жеке заттарымен, атап айтқанда, фотоальбом, пианино, кілем және т.б құнды тарихи заттармен толықтырды.Мұражайдың бізге берері мол. Мұнда Жәйрем кентінде шығарылатын қазба байлықтарды халыққа таныту, халық үшін қызмет етіп, ерен еңбегін сіңірген ардагерлер туралы көп мағлұматтар алуға болады.
Біздің қазіргі мақсатымыз тарихымызды ұмытпай, Жәйрем үшін тер төгіп, халқына қызмет еткен ардегерлерімізді ұмытпай, қасиетті жеріміздің суы, топырағы, асты мен үстінде тұнып тұрған байлығымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.