87212445614

Н.Нұрмақов атындағы ММИ

Қарағанды орталық саябағы

Саябақтың тарихы 1935 жылдан бастау алады. Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағы 1946 жылы ресми түрде ашылды, содан бері ол әрдайым азаматтардың сүйікті орны болып келді. Саябақ өзінің 150 гектарымен Нью-Йорк қаласындағы Орталық саябақтың 200 гектар көлемімен шамалас.
Қарағанды қаласының орталық саябағы Интернационалист-жауынгерлер көшесінде орналасқан. Саябақтың қақ ортасындағы үлкен көлге Бұқпа өзені келіп құяды. Серуендейтін аллея, кафе, балалар аттракциондары және концерттер мен қойылымдарды өткізетін концерт залы бар. Іші түрлі ағаштарға, өсімдіктерге толы, дамыған инфрақұрылым келген қонақты қуантары рас.

Қарағанды қаласының орталық саябағында дамыған инфрақұрылым бар:
Балаларға арналған ойын алаңдары;
Тренажерлерлік ойын алаңы;
Көлде серуендеуге арналған қайық және катамаран станциясы;
Саябақтың белгіленген орындарына жету үшін жасалған велосипед жолдары;
Жаз мезгілінде көл жағасында күнге қыздырынуға немесе жылы суға шомылуға жабдықталған жағажай;
Қыс мезгілінде конькимен сырғанауға арналған мұз айдыны;
Қасиетті елшілер — Петр мен Павл шіркеуі.
Тамақтануға арналған кафелер;
Субұрқақ.

Паркте балалар мен ересектерге арналған көптеген назар аударарлық орындар бар:
«Феррис доңғалақ», «Балалар темір жолы», «Ұшатын ракеткалар», «қоңырау», «жас», «күн», «саңырауқұлақтар», «автодром», «Зымыран», «Комета», «Көңілді кубоктар», «Шар», «Ғарышкер», «Дауыл», «Сюрприз», «Жылқылар», «Лабиринт», «Батут», «Глобус», «Айдаһарлар», « Тир «,» НЛО «Гусеница», «Осьминог», «Радуга «Сафари», «Американские горки» және т.б.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.