87212445614

С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі

Жеңіс Саябағы

«Жеңіс саябағы– құрылыс Жеңістің 60 жылдығында басталды. Саябақтың құрылысы Ұлы Отан соғысындағыдай төрт жылға созылды.Символдық мәнді. Әйткенмен саябақтық кіре беріс баннерінде құрылыс 2007 жылы басталды деп жазылған, ал шындығында алғашқы қазығы екі жыл бұрын қағылған болатын. Жеңіске арналған саябақты қаланың Оңтүстік – Шығыс бөлігінде тұрғызу ойы алғаш рет облыстың бұрынғы әкімі Камалтина Мухамеджановта туған болатын. Әуелі құрылысқа барлық қауым болып қаражат жинады, ал соңғы 2 жылда ауқымды бюджеттік қаражат бөлінді. Қарағандының 13 га жайлы ауданында ағаш отырғызу басталды. Соңғы 3 жылда 3 мың ағаш отырғызылып, саяжолдар мен ондаған гүлзарлар отырғызылды. 1945 жылы әкелер мен аталар Германиямен болған соғысты жеңген болса, 2009 жылы ұлдары мен немерелері Қытаймен болған виртуалды жарыста жеңіліс тапты деп Карагандылықтар әзілдейді. Саябақтың барлық сәндік бөліктері дерлік қытайдың материалдарынан жасалынған деп айтуға болады. Саябақтың басты әшекейі субұрқақты ротонда (Қазақстандағы ең биігі) болды, бұл жердің әрбір бөлігі мағыналы. 4 қола барельефтерде 4 майдан жауынгерлерінің бейнесі. Алғашқы және әзірге бірден-бір сәулеленген әуенді субұрқақ «Жеңіс субұрқағы» деп аталады. 9 мамыр 2010 жылы алғаш рет және бірден – бір жеңістің дәуірін бейнелеуші 8 айшықты көре аласыз.

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.