87212445614

Караганда/Сош/#32

Сәкен Сейфуллин
Драмалық Театры

Облыстық драма театрының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Киелі өнер ордасының іргесін сол кезде кәсіби білімі болмаған жас қыз-жігіттер қалаған еді. Театрдың негізін қалағандар қатарында 200-ден аса рөлде ойнап, талай әртістің жұлдызын жаққан Жәмила Шашкина болды.
1964 жылы театрға белгілі жазушы Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді.
Алғашқы жылдары театр кәдімгі үйде орналасқан еді, болашақ ғимараттың құрылысы 30-шы жылдардың соңында басталды. Жылдар өте ғимарат қаңырап бос қалып, 80-ші жылдары сәулет ескерткіштерінің қатарына қосылды.
Театр ұжымы жаңа ғимаратқа 2008 жылы көшті. Қасиетті өнер ордасын сәулетші Қанат Мұсаев жобалаған. Бүгінде мұнда 700 көрерменге арналған үлкен зал мен 200 адамға шақталған кіші зал бар. Театрдың бас сахнасын Ресейден келген мамандар салса, ал оған қажетті жабдықтар Санкт-Петербургтен жеткізілген. Театрдың салтанатты ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.

Орындаған:

Саткалиев Ержан
Бакриева Адель
Кайрзат Айзат
Кабылбаев Нұрболат

Panorama

932 ж. құрылған (1936 жылға дейін жұмысшы жастар театры; 1936 жылдан облыстық қазақ драма театры; 1939 жылдан облыстық музыка драма театры: 1951- 1964 ж. облыстық біріккен қазақ және орыс драма театры: 1964 жылдан қазіргі атымен аталады). 1932 ж. А . Шаниннің «Зәуре» атты пьесасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасымен ашылды. Басты рөлді Ж. Шашкина орындады. Театрда сондай-ақ 3. Көшкінбаев, С.Жүнісов, Т. Жабаев, Т. Ілиясов, Р. Жылқыайдарова (Қойшыбаева) өнер көрсетті, олар кәсіби сахнаға көркем өнерпаздар ұжымынан келген болатын. 1936 ж. шығармашылық ұжымның калыптасуында аса маңызды оқиға болды. Театр облыстық театр статусын алып, кәсіптік ұжымға айналды. Ұжым ұлттық драматургияны (Б. Майлиннің «Майданын», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын», І.Жансүгіровтын «Кегін») игерумен қатар орыс және шетел классиктерінің пьесалары бойынша (Д. Фурмановтың «Чапаевын», Н.В. Гогольдің «Ревизорын», К. Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші») спектакльдер қойды. Қазақ фольклорлық шығармаларының тақырыбына жазылған Ғ.М.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» спектакльдерінің сахналық шешімі мен қойылымы елеулі оқиға болды. 1938-1940 ж. театр сахнасында алғашқы опералық спектакльдер «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» (Е. Брусиловский) қойылды. Бұл ұжымның жаңа сапада орнығуы болды — театр музыкалық — драмалық театр болып қайта құрылды және жаңа үй алды (Ескі қалада).Артистер С. Жүнісовтың, Р.Қойшыбаеваның, М.Сүртібаевтың және Ж.Шашкинаның қазақ әдебиетімен өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне қатысуы ұжым мүшелерінің шығармашылық есебі болды (1936). Ұлы Отан соғысы жылдары театр жұмысын тоқтатқан жоқ. Қарағандыға көшірілген Леся Украинка атындағы Украин театрының ұжымы қазақ актерлеріне кәсіптік шеберлігін жетілдіруге игі ықпалын тигізді. Режиссер Ю.А.Сумароковпен П.Б.Серебряник бірнеше спектакльдердің («Жомарттың кілемі». « Намыс гвардиясы ». «Түндегі кездесу») қойылымдарын сахнаға шығарды, олар ұлттық театрдың қалыптасқан мектебіне жаңа леп әкелді. 1946-1951 ж. ұжым өз қойылымдарын идеялық-көркем пьесаларымен едәуір байытты. Реж.ессер Л.Лурье мен М.И.Рукавишниковтың басшылығымен К.Симоновтың «Орыс мәселесі», «Орыс адамдары», А Сафроновтың «Мәскеудің мінезі», В.Лавреневтің «Америка даусы», Н. Баймұхамедовтың «Балбұлақ», А.Коррейчуктің « Макар Дубравасы», М.О.Әуезовтің «Абайы», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббаты», Лопеде Веганың «Жуас бұлағы» және басқа спектакльдер қойылды. 1951-1954 ж . ұжым орыс драма театрымен бірігіп, эксперименттік кезеңді бастан кешірді. 1964 ж. театрға С. Сейфуллиннің есімі берілді. Ұжым А.Бектің «Волоколам тас жолы», М.Әуезовтың «Дос-бедел-дос», Д.Исабековтың «Әпке», Ш.Айтматовтың « Ақ кеме», С.Жүнісовтың «Өліара», А.Минуллиннің «Жалғыздық», О. Иоселианидің «Арба аударылмай тұрғанда», Эврипидтің «Медея», У.Шекспирдің «Макбет» пьесаларымен репертуарын байытып, өз шығармашылығындағы жаңа кезенді бастады. Театр Алматыға (1962, 1975, 1986), республиканың облыс орталықтарына гастрольге шығып, өзін кемелденген шығармашылық ұжым ретінде танытты. 1982 ж. театр Халықтар достығы орденімен марапатталған. 1986 ж. драматург С. Жүнісовтың «Өліара» спектакілін койғаны үшін театрдың бас режиссері Е.Тәпенов, бас суретшісі М.Мақсұтов, артистер К. Жұмабеков, С.Қажымұратов ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.