87212445614

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ

Қарағанды қаласының ескерткіштеріне саяхат

Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Автор:10 сынып оқушылары :
Танирбергенов Марғұлан
Сағынтаев Бексұлтан
Жумадилов Бернар
Дарибеков Наурызбай

Қ.И.Сәтпаев (1899-1964), көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым, ұйымдастырушы. Қазақстан Ғылым академиясының бірінші Президенті. Қарағанды облысында Сәтпаев атындағы қала бар және еліміздің көптеген қалаларында ғылыми мекемелер, көшелер мен мектептер және құрылысын өзі қолдаған Ертіс-Қарағанды каналы оның атымен аталады. Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясында жаратылыстану ғылымы бойынша Қ. И. Сәтпаев атындағы премья тағайындалған. Сәтпаев деп аталатын әдемі минералдың бар екені ғалымдарға мәлім. Ғарышта күнді айналып жүретін кіші планета да өз атын Сәтбаевтың құрметіне алған.

Сәтбаев бейнесі бір сәт тоқтап, белгіленген мақсатты көруге ұмтылған түрде мәнерлі бейнеленген. Ғалымның қолындағы карта жаңа кен орнын тауып нұрланған кезін айқындайды. Тұлғаның ұлылығын сәл шалқайған басындағы дала желімен толқыған шашы айқындай түседі.Қаныш Имантайұлы Сәтпаев.
Қалаға келушілерді осы кісінің ескерткіші қарсы алады.Бұның өзінің себептері бар:Қаныш Сәтпаев біздің еліміздің жерлерінің зерттелуіне үлкен үлесін қосқан адам.Қаныш Сәтбаев ескерткішінің ұзындығы 6 метр,ал салмағы 2,5 тонна деген ақпараттар бар

Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты.Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.


.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.