87212445614

г. Караганда, КГУ «№68 ШИ»

«Майқұдық — құтты мекенім» немесе жергілікті халық арасында «майкен» деген қысқаша атаумен белгілі аудан Қарағандының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.Ауданы 1500 га-дан астам. Халқының саны 203,1 мың
Майқұдық 1930 жылдары ауыл ретінде пайда болды. Көмір бассейнін игеруге байланысты Майқұдық шағын қабатты үйлері бар жұмысшы кентке айналды. 1957 ж. «Қарағанды Мемлекеттік шахта жобалау» институты қаланың бас жоспарын кайта қарағаннан кейін (арх. О. П. Кудрявцева, И. С. Иванова) Майқұдық қаланың күрделі құрылыс жүйелі жоспары бар негізгі тұрғын аймағына айналды .Кеншілер қаласына іргелес жатқан Майқұдық бірнеше ықшам ауданнан тұратын, халық тығыз қоныстанған аймақ. Майқұдықтың құрылысында қаланы дамытудың тарихи кезендері толық шешімін тапқан: Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары бұл жерде саман үйлер мен барақтардан тұратын шағын ауыл болған деседі.

Отызыншы жылдары мұнда орыстар, шешендер мен немістер, украиндар мен эстондықтар көптеп қоныс аударылады. соғысқа дейінгі шағын қабатты үйлер, соғыстан кейінгі 2-3 қабатты тұрғын үйлер және қазіргі заманғы 5-9 қабатты шағынаудандар. 1972 жылдан бастап Майқұдық перспективалық жоба бойынша (арх. С. И. Мордвинцев, Н. С. Токаев, А. В. Ермолаев, Ю. П. Себелев, М. О. Жандәулетов) салынып, басты көшелер мен магистралдар кайтадан тұрғызылды. Көмір бассейнін игеруге байланысты Майқұдықта бес қабатты «хрущевка» үйлер көптеп салынып, шағын кентке айналды. 1970 жылдардан бастап мұнда басты көшелер мен магистралдар тұрғызылды, трамвай жолы тартылды. Мәдениет үйі салынып, кинотеатр пайдаланылуға бірілді. Осылайша, Майқұдық кеншілер қаласының ажырамас бөлшегіне айналды.Майқұдықта мәдениет және демалыс паркі, 14 шағынаудан, жеке меншік нысандар, «Ботагөз», кинотеатры, балабақшалар мен жалпы білім беретін мектеп, арнайы мамандырылған колледждер бар. Бас магистральдары — К. Маркс, Магнитогорск, Архитектура, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин көшелері.
Майқұдықта 23 өнеркәсіп орны жұмыс істейді, онын ішінде көмір шахтасы (Костенко атыңдағы), 2 байыту фабрикасы, жылыту жабдығы («ArcelorMittal Теміртау» компаниясы) және металл конструкция («Имсталькон» компаниясы) з-ттары, «Қарағанды ауыл шаруашылық машиналары» з-ты (қазіргі «Қазақмыс» корпорациясының КЛМЗ зауыты), «Құрылыс пластмасса» комбинаты, шұлық-ұйық фабрикасы, «Динамо» спорттық бұйымдары фабрикасы бар (қазіргі «Восток» мебель фабрикасы). Мұңда 14 балалар мекемесі, 43 жалпы білім беретін, 4 кәсіптік-тех. училище, Жаңа Майкұдық Мәдениет үйі, 79 кітапхана, аурухана, 4 емхана жұмыс істейді. Октябрь ауданда ірі Майқұдық (Жаңа Майқұдык) тұрғын аймағы орналаскан. Ауданның басты жол тораптары — Майкұдық тас жолы, Архитектура, Карл Маркс, Магнитогорск, Новошоссейная к-лері. 1988 ж. ауданға Қарағандының солтүстігіндегі Теміржол ауданы 1997 ж. Киров ауданына қосылды.
«Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС — тауарлы жұмыртқа өндіру бойынша Қарағанды облысының ірі кәсіпорын. Оның қызметі Астана қаласының азық-түліктік белдеуін құруға септігін тигізеді. Құс фабрикасының жобалық қуаты жылына 150 млн.-нан астам жұмыртқа өндіруге есептелген.
Үлкен экранда жақсы фильмді жайлы кинотеатрда және Қарағандыдағы жағымды компанияда Сары Арқа 3D кинотеатрында (Майқұдық) көруге болады. Кинотеатрдың ашылуы 2017 жылдың 23 желтоқсанында өтті. 502 көрерменге арналған зал қызыл түспен жасалған. Мұнда ыңғайлы, брендті креслолар бар, бөлмеде кедергісіз жарық сеанстан кейін көзді қиып алмайтын етіп жасалған. Фойеде қабырғалар әйгілі кинолар мен комикстердің кейіпкерлерінің суреттерімен безендірілген.
2000жылдардан бастап жаңадан сауда үйлері, саябақтар, спорт кешендері, демалыс орындары пайдаланылуға беріле бастады. Қазіргі уақытта бір кездері Майқұдықтың қауіпті аудандарының бірі болып саналатын 14-ықшам ауданында жасөспірімдерге арналып «Дене-тәрбиесі мен сауықтыру» орталығы салынды.Геннадий Головкиннің аты берілген тұрғындардың бос уақыттарын пайдалы өткізуге арналған кешен халыққа тегін қызмет көрсетуде.
Майқұдық солтүстік-шығысы мен шығысында өнеркәсіп орындарымен, батысында Қарағанды—Астана темір жол магистралымен, оңтүстік-шығысында қаламен шектеседі.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.