87212445614

Қарағанды қаласы ММИ «Мұрагер» мектебі «Жерұйық» командасы

Қарлаг-мәңгілік естелік аймағы

«Қарағандыдан 45 шақырым қашықтықта орналасқан Долинка ауылында омыртқаны опырған отызыншы жылдардың озбыр саясатынан сыр шертетін Қарлаг лагеріне арнайы ат басын тіредік.
Тарихты білмей болашақты болжау қиын, ең бірінші ойымызға Қарағанды облысымызға қарасты Долинка елді мекені біздің өлкеміздің тарихи ескертіші ретінде алатын орны бөлек.
«Менің өлкем» атты жобада саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұтқындардың тағдырын трагедияға айналдырған Қарлаг лагерінен арнайы жасаған экскурциямызды назарыныздарға ұсынамыз.

Еліміздің тарихында ең жүрек тебірентетін, зұлымдылыққа толы саясаттың құрбаны болған бабаларымыздың қиянаты жүрекке таңба басқандай!
Аялдама жанындағы көшемен жүргізуші жөн сілтеген бағытқа қарай жүріп отырып, бірінші бұрылыста маңдайында қызыл жұлдызы бар ақ түсті, екі қабатты ғимаратты көзіміз шалды. Айнала қоршалған ауласы едәуір кең екен. Бұрын орындықтары, саябағы, гүлзары болған Карлагтың басқарма қызметкерлері демалатын аумақ қазіргіден әлдеқайда үлкен болған деседі. Музей құрылысы қолға алынғанда, сол демалыс ауласының көлемі қысқартылып, көшірмесі қайталаныпты. Музей есігіне өтер жолдың сол қапталындағы Сәкен Сейфуллиннің «Ат» деген кім?! Атқан қайсың?! Қабірім қайда көмілген?» деген сөздері жазылған естелік тақтасына көзіміз түсіп, жүйке тамырымыз шымырлап қоя берді. Қайда келгеніміз анық сезіле бастады…
Лагерь қабырғасында орналасқан музейдің табалдырығын аттағанда, мұнда қойылған мұңды әуен мен зарлы күйден көңіліміз бірден құлазып салды. Ашаршылықтың ащы ақтаңдақтарын аңғартқан адамдардың фотосуреттері, қиянат-қысым көрген тұтқындардың томаға-тұйық бейнелері, жазықсыз жазалаулар, күштеп қоныс аударылған халықтың күрсіне күңіренген кейіптері, зындандағы зорлық-зомбылықтар жүрекке зіл салып, көңілге кірбің ұялатты.
Экскурсия жүргізушінің әңгімесіне еріксіз құлақ асып, тылсымға толы тарихымызға терең бойладық. Музейде әр жылдары қанша адам Қарлагқа қамаққа алынғанын көрсететін схема бар. Онда 1931 жыл мен 1959 жыл аралығында тұтқынға түскендердің саны көрсетілген. 1950 жылы репрессия шырқау шегіне жетіп, 65 763 адам абақтыға қамалды. Сталин қартайған шағында өлімнен қорыққаны соншалық, айналасындағылардың барлығынан күдіктене бастаған еді…
Сол заманның атақты тұлғаларының басым көпшілігі Қарлагтан өткен. Атап айтқанда Л.Н. Гумилев, белгілі балерина Майя Плисецкаяның анасы, Алашорда арысы – Бейімбет Майлиннің жұбайы, киножұлдыз Окуневская. Бұл тек бірен-саран тұлғалардың есімдері ғана. Мұражайда құжаттары көздің қарашығындай сақтаулы тұрған аяулы жандардың саны анағұрлым көп. Олардың біразының өмірі қараңғы түрмеде қыршыннан қиылса, біразы жүректеріне түскен жазылмас жарамен өмір сүруге мәжбүр болды…


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.