87212445614

«Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі» КММ (Саяқ)

Саяқ кен орны

Саяқ кен орны 1930 жылдары ашылды.

Саяқ кен орнын 1930 жылдары атақты геолог Николай Иванович Наковник ашқан, оның жалпы көлемі мыңнан аса квадрат километр. Саяқ аймағындағы ірі кен орындары Саяқ – 1, 2, 3, 4, Тастау және Молдыбай.
Саяқ І, Саяқ ІІ, және Саяқ ІІІ кентінің басты пайдалы компоненті мыс болып табылады. Жолшыбай молибден, алтын өндіріледі. Алқаптағы кеннің көлемдік салмағы 3,43т/м³ , жыныстар 2,84 т/м³.
Саяқ І, Саяқ ІІ (Шығыс және Батыс), және Саяқ ІІІ (Молдыбай) карьерлерінің жоба контурында табылған қорлар 1970 жылдан 2000 жыл аралығындағы уақытта пайдаланылды. Қорды игеру 25 жыл ішінде күнтізбелік жобаның графигінде қарастытырылған. Карьер контурының жобасынан тыс қалған қорды одан әрі ашық әдіспен өңдеудің ешқандай мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты 2001 жылы Саяқ ІІІ карьері арасында орналасқан терең көкжиектегі қорды тәжірибелі өңдеуге жоба құрылды. Контурдан тыс қалған қорды жер асты тәсілімен игеру осы қорды игерудің экономикалық тиімді екенін көрсетті. Сондықтан 2001 жылдан бастап кенді игеру жер асты тәсіліне көшті.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.