87212445614

«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ (Болашақ)

Мағауия Хамзинн атындағы Кеншілер сарайы

Мағауия Хамзин Қазақстан Республикасының халық артисі, шертпе күйдің шебері, қаламыздың құрметті азаматы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Мағауия Хамзин жеті жасында халық композиторы Әшімтай атасынан “Қоңыр қаз”, “Сылқылдақ”,“Саржайлау” күйлерін үйренеді. «Қосбасар” атты алғашқы күйін анасына арнап шығарады.
М.Хамзин 10 жасында Алматыда өткен өнерпаз оқушылардың байқауына қатысып, бірінші рет халық алдына шығады. Мағауия Хамзин 17 жасының өзінде-ақ, Қарағанды филармониясында күйші-артист болып жұмыс істейді.
М.Хамзиннің бойындағы тума талант ұшқынын байқап қалған, А.Жұбанов оны Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ оркестріне шақырып алады. М.Хамзин бір жыл Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқып, соңынан консерваторияға ауысады. Бірақ өмір ауқымына байланысты, Мағауия оқуын аяғына дейін бітіре алмай, жұмысқа түседі.Осы кезеңде 1954-59 жылдары Мағауия Балқаш қаласының Мәдениет сарайының жанында ұлт аспаптарынан музыкалық оркестр ұйымдастырып, Москвада өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне қатысады. Осының алдында бұл оркестр Республикалық конкурстың лауреаты атағын алады.Мағауия Хамзин 1961 жылы жаңадан құрылған Қазақтың Мемлекеттік “Қазақконцерт” бірлестігіне жұмысқа орналасады. Шертпе күйдің шебері М.Хамзин өнер саңлақтары Жүсіпбек Елебеков, Шара Жиенқұлова, Роза Бағлановалармен бірге республикамыздың түкпір-түкпірінде өнер көрсетеді.
1966 жылы Мағауия Хамзин өнердегі ерен еңбегі үшін, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі атанып, 1979 жылы Қазақ КСР-інің халық артисі деген құрметті атаққа ие болды.
Қазақстанның қай бұрышында болмасын Мағауия шертпе күймен бірге, В.Моцарт, В.Монти, М.Огинский, П.Чайковский, К.Хачатурян, С.Рахманинов, И.Брамстың классикалық шығармаларын домбырада ойнаған. Сонымен бірге, Индия, Польша, Латвия, Қытай, Сирия, Монғолия, Германия, Венгрия, Канада сияқты шетелдің талғампаз көрермендерінің алдында қос ішекті домбырасын оркестрдей ойнатып өнер көрсеткен.
Мағауия Хамзин күй құты қонған күйші, танымал сазгер, ол “Жарыс”, “Көкек”, “Жайлау”, “Тоқырау толғауы”, “Белгісіз солдат”, “Алтын астық”, “Шопан күйі”, “Космонавтар”, “Амангелді”, “Жас қазақ”, “Тоғысу”, “Жамбыл толғауы”, “Балқаш толқыны” күйлерін шығарып, Абайдың төрт әніне және үнді халық әндеріне попурилер жазған.1988 жылы “Қазақконцерт” бірлестігінен құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін, Мағауия Хамзин туған жері Балқашқа келіп, өзінің өнер мектебін ашып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі.1999 жылы 27 қазанда Мағауия Хамзинге тағы бір жаңа атақ: Алматы консерваториясының Құрметті профессоры атағы берілді.
2000 жылы 19 желтоқсанда Балқаш қаласы Әкімінің №997/12 шешімімен Металлургтер Мәдениет сарайына Мағауия Хамзиннің аты берілді.
1998 жылы 4 наурызда Мағауия Хамзинге Балқаш қалалық мәслихат-депутаттар жиналысының шешімімен “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.