87212445614

«Қызылжар ЖОББ мектебі»

Төреқұл-Қарғаш кесенесі

Төреқұл-Қарғаш кесенесі Жаңаарқа ауданы, Қызылжар кентінің күнгей қапталында. Нақтырақ айтсақ, теміржол станциясынан 2,5 шақырым қашықтықта орналасқан.

Алшынның Құлтума бұтағынан шыққан қос батырдың ХVІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүргендігі. Жергілікті халық «Төреқұл-Қарғаш кесенесі» деп атап кеткен әкелі-балалы батырлардың мәңгілік мекені – Жаңаарқа ауданы, Қызылжар кентінің күнгей қапталында. Нақтырақ айтсақ, теміржол станциясынан 2,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Кесене құрылысы дәл қай жылы салынғаны белгісіз. Кемі бір жарым ғасырға жуықтаған көне құрылыстың күйдірілген қыш кірпіштен салынғаны және қабырғасы сегіз қырлы болғаны ғана мәлім. Бағамдап көріңіз, дала дәстүрінде сегіз қырлы, күмбезді етіп тегін адамға кесене салынбайтыны белгілі. Ендеше, Төреқұл мен Қарғаштың тарихи бейнесі ешқандай құжатсыз-ақ, ел аузындағы аңыз арқылы айқындала түспей ме?!
Қазақтың қайраткер ұлы Жанайдар Сәдуақасовтың туған інісі, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылының қадірлі ақсақалы, шежіреге де, ескі әңгімеге де жетік Құрман Сәдуақасовтың айтуынша, Төреқұл Кенесары ханның сенімді сардарларының бірі болған. Зерделі қария Төреқұл батыр туралы көнекөз қариялардан естігенін әңгімелей келе, Ақтау бекінісі салынып, хан Кененің осы төңіректе орыс патшалығының отарлаушы саясатына қарсылық көрсетіп, ұлт-азаттық көтерілісінің шиеленіскен тұсы болса керек деп сөз сабақтайды. Кенесары әскері патшаның жазалаушы отрядынан ығыса ұрыс салып, Сарысу өзені мен Ұлытау арасындағы «Ақжар» деп аталатын жерде қиян-кескі шайқасқа тап болады. Сол ұрыста екі жақтан да көп сарбаз шығын болып, Төреқұл бабамыз да ерлікпен қаза тапқан екен. Сол «Ақжар» Кеңес Үкіметі орнағаннан кейін «Қызылжар» атанған. Яғни, бүгінгі Қызылжар кенті. Аңыз қисынға жақындады. Ал, Төреқұл батырға күйдірілген қыш кірпіштен кесене салдырған да Кенесары ханның өзі дегенді де Құрман ақсақал дала шежірешілерінен алып қалған. 1936 жылы «Жарық-Жезқазған» теміржолының құрылысы басталып, күре жолдың бойындағы «Қызылжар» станциясында да қарқынды құрылыс жүреді. Қызыл империяның атеистері батырдың рухы, кесене киесі дегенді ойлаушы ма еді?! Төреқұл баба кесенесінің бір бұрышынан кірпіш бұзып әкеліп, наубайхана құрылысына пайдаланады. Алайда, от тиген бетте пеш атылып, кесене бұзған адамдар қайтыс болады. «Бұл туралы теміржол құрылысына қатысқан, осы оқиғаны көзімен көрген Досжан, Сейілбек, Ысқақ, Бөлекбай, Ахмет, Мелдебек қариялардың өз аузынан естіп едім», – дейді Құрман ақсақал.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.