87212445614

 


Темір жолы-өмір жолы!

Ақадыр тарихы
Ақадыр – Қарағанды облысы Шет ауданындағы кент. Екатеринбург – Алматы теміржолының бойында, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлының батысында 100 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 220 км жерде орналасқан. Іргесі өткен ғасырдың 30 жылдары Қарағанды-Мойынты теміржол құрылысының бойында Ақадыр стансасының ашылуына байланысты қаланған. Кентте 1937 жылдан бастап паровоз депосы ашылып, ол 1957 жылы тепловоздары, ал 1982 жылдан бүгінгі күндері электровозды жөндейтін ірі кәсіпорын болып есептеледі.
1973-1997 жылдары Ақадыр ауданының орталығы болған. 1997 жылы Ақадыр ауданы жабылып, Шет ауданының құрамына берілген. Халқының саны 2009 жылы 10,6 мың адам. Ұлттық құрамы: 83 пайызы қазақ, 17 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Кенттің әкімшілік аумақтық бағынысындағы елді мекендерде (Ақадыр кенті мен Подхоз ауылы, Тағылы, № 906 разъезддері) 3 мектеп, ФАП, 4 отбасылық дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, балалар өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, оқу-өндірістік комбинаты, 2 балабақша, «Казақтелеком» бөлімшесі, «Қазпошта» бөлімшесі, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар.

Сонымен қатар «Қазақстан темір жолдары» жүйесіне қарасты «Ақадыр электр жабдықтау» (ЭЧ-12), темір жол дистанциясы (ПЧ-26), белгі беру және байланыс дистанциясы (ПЦЧ-21) мекемелері бар. АО «KEGOC» электро станциясы 2011 тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Кент аумағында теміржол жүйесіне қарасты барлығы 14 мекеме, ұжымдар жұмыс атқарады. 46 шаруа қожалығы бар (2006). Кент басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.

Талдыспе мен Қайрақты өзенінің жағалауын ала орналасқан Абылай хан тұсындағы хас батырлар Жарылғаптың баласы Баубек батыр, Қорам, Аққошқар батыр, Қара би, қобызшы Аман, Құлбай-Нұрбай, Күңке баба, Дулат батыр, қос там ескерткіш – күмбездері Ақадырдың өзіндік тарихы бар, рухани мұрасы бай өлке, шежірелі аймақ екеніне дәлел.
Бас бармағы тістеулі кездің теперішін көп көрген, алмағайып заманды ат үстінде өткерген Жидебай, Сеңкібай, Деріпсалы, Байғозы, Жарлығап, Бөрі, Таңыбай, Ағыбай сынды батыр бабаларымыз болған.
Кісілік пен кішіліктің ақылы мен нақылын бойына сіңірген дуалы ауыз Шабанбай , Жаңқұтты, Байсейіт, Дүйсенбай, Қара билер әділдікті ту етіп ұстап, дүйім елдің тиянағына айналған.
Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды білу арқылы оқушыларда тарихи таным қалыптасады. Тарихи танымға — өз ұлтының әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады.
Тарихи таным оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштерді білу оның тұрғызылуы себебін және тұрғызған адамдарды білу оқушыларға өз халқымен өз Отанымен мақтануға және биік рухта тәрбиеленуге көмектеседі.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.