Ұлытау ауданы, №8 Егінді ЖОББ мектебі
Ұлытау жерінде бағзы заманнан сақталған өзінің сәулеттік құрылысымен, ерекшелігімен таңдай қақтыратын ескерткіш «Дың» деп аталады. Бұлардың барлығы оғыз-қыпшақ дәуіріндегі атақты әскербасылардың кешені, не сұлу әйелдердің мұнарасы екендігі байқалады, — дейді Әлкей Марғұлан өз зерттеулерінде. Ауылымыздың үлкендерінен естіген аңыздарда бұл ескерткіш қызға арналған деседі. Бұлар Қазақстанға мұсылман діні тарағанға дейін VI-IX ғасырларда тұрғызылған. Ескерткіштің есігі күн шығысқа қараған, асыт төрт қырлы тастан өріліп тоқылған, оның үстіне сүйірленіп шығатын күмбез орнатылған. жергілікті халық оны «Қара Дың» деп атайды. Себебі, табиғи қара тастан салынған. Ескерткіштің сақталған биіктігі 4 метр, сыртқы диаментрі 6,7, ішкі диаметрі 2,65 метр. Құрылыс VII-IX ғасырда салынған ежелгі діни ғұрыптық ескерткіш. Авторы, құрылысшысы белгісіз. . Бүгінгі күнге дейін бұл ескерткіштер халық арасында құпия мен жұмбаққа толы.
Виртуальное путешествие по Карагандинской области. Караганда ©2019. Все права защищены Қара Дың
Усерова В.А. Автор
Ел арасында кең тараған тарихи дерекке сенсек, бұл көне құрылыстар исламға дейінгі дәуірде діни маңызға ие болған.Дың ескерткіштері Қазақстандағы ең көне сакральды нысандар болып саналады. Тарихшыларды таң қалдыратын керемет жайт — талай ғасыр өтсе де, киелі құрылыстар жаңа тұрғызылғандай күйде сақталған.
Мамочкино кладбище
Город Балхаш
Бектау-ата
Жезказган
Жас турист
Каркаралинск
Город Сарань