87212445614

Қарағанды облысы білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

Теміртау қаласының қысқы бағы

«Теміртаудағы «Қысқы бақ» жалпы Қарағанды облысының көркі десек артық айтқандық емес. Ол 1993 жылы 16 қаңтарда ашылған. Өсімдіктер кейіннен Алматы ботаникалық бағынан әкелінген. Бұл бақта еліміздің тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров отырғызған кипарис, Т.Мұсабаев отырғызған олеандр, тағы басқа да белгілі тұлғалар еккен бірнеше өсімдіктер түрлері бар. Қазіргі кезде бақта планетаның шөлді аумақтары мен тропикалық және субтропикалық елдерінде ғана өсетін 120 өсімдікті кездестіресіз.

Style city тобы Автор

Теміртауда қысқы бақ 1993 жылы 16 қаңтарда ашылды. Саябақтың жалпы аумағы – 7,4 мың шаршы метр. Ал, қысқы бақ – 2 мың шаршы метр. Ұжымда 80 адам жұмыс істейді. Оның жобалық орындалуы күрделі етіп жоспарланған. Арка түріндегі биік ғимарат шығыс стилінде салынған, төменгі жағында витраждармен жабылған.
Қысқы бақта отаны тропикалық, субтропикалық және әлемнің шөлді аймақтарында өсетін көптеген ерекше өсімдіктің 120-дан астам түрі жиналған. Қысқы бақта банан, пальма, инжир, анар ағаштары мен ерекше күтімді қажет ететін 100-ден астам өсімдік түрі өседі. Оларды Қарағандыдан, Алматыдағы ботаникалық бақтан алдыртқан. Мәселен, банан ағашы жеміс беріп тұр. Бір ерекшелігі, жемісін алғаннан кейін түбінен кесіп тастамасаң, өнім бермейтін көрінеді. Сонда тамыры арқылы маңайынан қайта өседі екен. Мұндағы өсімдіктің ерекше бір түрі – 15 жылда бір-ақ рет гүлдейтін Фуркрея. Гүлі бүр жарғанда 16-20 метрге жетіп, өліп қалады. Банан ағашы секліді кесіп тастау керек. Дәл қазіргі өсіп тұрған фуркрея екінші мәрте өскен тұқым. Алғашқысын кескеннен кейін біраз жылдан соң өскен түрі. Сондай-ақ, бұл жерден қытай розасын кездестіруге болады. Ол бір-ақ күн өмір сүреді екен. Күн шығысымен гүлдесе, кешкісін өледі.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.