87212445614

Сәтбаев қаласы «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Қазақтың бас ақынына арналған басты көше

Абай көшесі

Абай көшесі қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Көшеде полиция бөлімі, «Қазақмыс» Корпорациясының Технологиялық колледжі, мешіт, православие ғибадатханасы, «Дәріс», «Дента Плант», «Әділ» тіс емдеу орталықтары, қалалық емхана, сонымен қатар кіші және орта бизнес нысандары орналасқан. Сәтбаев қаласының әкімшілігі басшысының 22.05.1995 жылғы №5/89 қаулысымен Қазақстан көшесі Абай Құнанбаев көшесі болып қайта аталған. Көше ақын және ұлы ойшыл А.Құнанбаев атымен аталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қаламгерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде «Абай шығармалары – адамзатқа ортақ рухани жауһарлар» деп төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты екендігін атап өткен болатын.
2020 жылдың 22 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті ақын және ойшыл Абай Құнанбаеванның 175 жылдығына орай оның есімімен аталатын орталық көшелердің бірінде, Абайдың бюсті мен аллеясы ашылды.

Композицияның ортасында ескерткіш – Абайдың бетонмен құйылған және қола түске боялған бюсті бар. Оның екі жағында, екі қанат сияқты, гранит тақталарда Ұлы ақынның 45 нақыл сөздері мен мақал-мәтелдер бар. Бюсттің авторлары: Бейбіт Мұстафин – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент мүшесі және Владимир Троценко – ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі. Аллеяның бүкіл ұзындығы (270 м) мен ені (6 м) бойындағы тротуарға ерекше әдемі және баспа бетон төселген.

Ұлы ғұламаның атындағы аллеяда қала тұрғындары демалыс уақыттарында отбасымен рухани демалып, ақынның мрамор тақташаларға жазылған даналық сөздерін оқып, мол мұрасымен сусындап қайтады. Қазақтың бас ақынына арналған бұл көше — қаламызға көрік беріп тұрған, тұрғындардың көңілінен шығып, тұрақты демалыс орнына айналған көшелердің ең алғашқысы болып табылады.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.