87212445614

Сәтбаев қаласы «№5 ЖББМ»

Туған жердің бұлағы

«Ембұлақ» бұлақ Ұлытау ауданында орналасқан. Сәтбаев қаласынан 182 км жерде. Жеңіл автокөлікпен 2,5 сағатта жетесіз.

ЕМБҰЛАҚ
Дертке шипа, жанға дәру болатын табиғат тамашалары адамзат баласына сан ғасырлар бойы қызмет етіп келеді. Тіпті, дәстүрлі медицина өзінің дәрменсіздігін мойындап, бұл дерттің дауасы жоқ деген кездерде бір жұтым шипалы су арқылы ажалдай арбасқан ауруынан арылғандар аз емес. Өркениеті өрістеп, экономикасы дамыған мемлекеттерде орналасқан табиғи-емдік орындардың қасиеті мен кереметі жайлы дүние жүзі түгел біледі және шіркін-ай ең болмаса бір рет барып шипасының шарапатына бөленіп қайтсам деп армандаумен күн кешеді. Бұл сол орындардың ғажайып емдік қасиеттеріне лайық жарнаманың құдыреті. Сол емдік орындарға салынған шипажайлардағы қызмет көрсетудің жоғары деңгейінің құдыреті. Кең-байтақ қазақ даласында мұндай киелі жерлер аз емес. Бірінің су, екіншісінің тұзы, үшіншісінің сазы ем. Олардың бірқатары бүгінде барынша танымал бола бастады. Сарыағаш, Жаңақорған, Рахманов қайнары, Мойылды, Мерке тағы басқалары осы сөзіміздің дәлелі. Бұл табылғаны, танылғаны. Ал, жалпы халықтың арасында ертеден белгілі, әйгілі болғанымен ресми айналымға, қолданысқа түсіп үлгірмеген табиғи-емдік орындар қаншама. Олар көзі ашық, көкірегі ояу, еліне, жеріне шынайы жаны ашитын азаматтардың қолдауын күтіп жатыр. Сондай тамаша емдік қасиеті бар киелі орынның бірі Ұлытаудағы – ЕМБҰЛАҚ! Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы кие тұтып, қазақ жерінің түкпір-түкпірінен ат тұяғын тоздырып келіп дертінен арылып қайтатын ЕМБҰЛАҒЫ осы. Суының емдік қасиеті ғасырлардың сынынан өткен ғажайып шипалы орынды уақыт талабына сай жарақтандырып, танымал етіп, мыңдаған жандардың жанына сая, дертіне шипа мекенге айналдыру сауабы мол, азаматтық атқа лайықты іс. Олай болса елінің ертеңін ойлаған арлы да ойлы азаматтардың осы бастамаға көмек қолын созатынына шүбәміз жоқ. Шыбындай жаны шырқырап, дертіне дауа іздеген жанның емін тапқан ЕМБҰЛАҚТЫҢ өркендеп, көпшіліктіің игілігіне айналуына СІЗ де үлесіңізді қосарсыз деп сенеміз.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.