87212445614

Сәтбаев қаласы, «№19 мектеп-лицейі»КММ


 

«ҰЛЫТАУ ҰЛАҒАТЫ» РУХАНИ — ТАНЫМДЫҚ ЗАЛЫ >

«Қасиетті Ұлытау- қазақ елінің баяғыдан бергі тарихи және саяси кіндігі»

Сарыарқа ежелгі заманның сырларын ішіне бүккен шежірелі өлке. Ол өзінің тарихи мәдени және археологиялық, архитектуралық ескерткіштерінің көптігімен, әсем табиғатымен қызықтырады. Сондай тарихи — мәдени мәні зор ескерткіштердің бірі Алашахан мазары болып табылады.
Алашахан мазары ХI- ХII ғғ., Ұлытау аспанының астында жатқан ашық музей сияқты тарихи ескерткіш нұсқалары Сарысу, Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендерінің бойынан, сағаларынан, тарамдарынан көптеп кездеседі. Солардың бірі Қаракеңгірдің Сарыкеңгір өзеніне қияр жерінде орналасқан Алашахан мазары. Алашахан мазарының жасалу тарихы, құрылыс ерекшеліктері және салынған ерекшеліктері, жағынан Қазақстандағы ең бағалы ескерткіштер қатарынан орын алады. Ғалымдардың жорамалдауынша оның салыну мерзімі 11-12 ғасырлар шамасы. Алашахан мазарының осы аймақтағы ең үлкен сәулет ескерткіші екенін байқауға болады. XI-XII ғасырларда Ұлытау топырағына мейлі тізесі батсын, мейлі қадірі артсын, әйтеуір осынша көңіл бөлініп, құрмет көрсететіндей ол кім еді?
Күні бүгінге дейін қазақ арасында Алашахан, Алаш есіміне қатысты айтылатын, аңыз-әңгіме сан алуан. Мұражай қызметкерлері экскурсия барысында Алашахан зерттеулері жайлы толығырақ таныстырады.
Жошыхан мазары ХIII ғ., Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында Жезқазған қаласынан 45 км.жерде орналасқан. Бір камерлік портальды күмбезімен биіктігі 8 м болады. Жошыхан мазары Алашахан мазарына ішкі құрылысы жағынан ұқсастығы бар бұрыштары және ішкі жағынан қарағанда күмбездерді айналдыра қаланған қатты қыздырылып күйдірілген кірпіштермен қаланған. 13-ғасырдың басында Шыңғысханның манғол жерінде үлкен империясы құрылды. Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп енші ретінде берген еді. 1226 жылы Жошыханның қайтыс болған. Жошыханның мазары 13- ғасырда қаланған.
Домбауыл кешені –ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.
Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Кенгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. 1946-1947жж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Домбауыл кешенінен 4 км төменде әйгілі Жошы хан күмбезі бар.
Домбауыл есімі тарихи жазбаларда, аңыз әңгімелерде көптеп кездеседі. Бір аңыз бойынша ол Шыңғысханның әкесі делінсе, енді бірінде Жошыханның сарай күйшісі немесе батыр-мергені болған деп айтылады. Жалпы биіктігі
6 м. Домбауыл кесенесі тас қалаудың қола дәуірінде қалыптасқан ежелгі дәстүрінің жалғасы екенін көріп, тарихқа көз жүгірте аласыздар.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.