87212445614

«Приозерск қаласының №1 ЖББМ» КММ

Приозёрск (Қоржынтүбек) қаласы


«Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте оранласқан Приозерск қаласы. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан елу жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар. Сондықтан әскери сынақ полигонының әкімшілік, әлеуметтік тұрмыстық орталығы болып табылады. Tәуелсіздік алғанға дейін Приозерск қаласы жабық қала болды.

Парақша соңында орналасқан суретті басып, Приозерск қаласының 3D панорама түрінде бейнеленген виртуалды қала бейнесін көре аласыздар.


Приозерск қаласы Кеңестер одағының картасында 70 жыл көрсетілмей келді Бірде «Полигон-А» енді бірде «Ташкент-90» деген құпия шифрмен аталды. 1956 жылы Орталық Комитет пен КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы мен салынады. Осы құпия полигонның орталығы Приозерск қаласын салудың басты себебі мына мәселелер болған екен: мемлекеттік ракета шабуылына қарсы кешенді эксперимент жасайтын нысандардың және ракета шабуылына қарсы сынақ полигонының жұмыстарын күшейту, сондай-ақ бұл жерде 10 мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығын құру және әуе шабуылына қарсы сынақ полигонын салу туралы бір ауыздан шешім қабылданған.
Сынақ полигоны еліміздің сол кездегі бес облысының жерінен 8 115 15 гектар жер оның ішінде 4.264.900 гектар жер күнделікті тұрақты пайдалануға, ал қалған жер күнделікті жаттығу үшін бөлініп беріледі. Әскерилер орын тепкен Ақмамық 1956 жылдың қатал қысын әскери палаткаларда өткереді. Ал Қоржынтүбек атауы Приозерск болып өзгертіліп, сол кезде-ақ әскер полигонның әкімшілік басқару орталығына айналдырылады. Қала мен сынақ нысандарының құрылысы орталық тарапынан қатаң бақылауға алынады.

альтернативный текст



«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы бойынша, Приозерск қаласының 3D панорама түрінде бейнеленген виртуалды қала бейнесі жоғарыда көрсетілген. Бірінші бетте Приозерск қаласының басты көшесі, шипажай, танкілер алаңы және Балқаш көлінің бейнесуретіне сілтеме берілген (барлығы 8 аймақ көрсетілген).


1961 жылы 4 наурызда полигонда баллистикалық ракетаның алдыңғы бөлегі атып түсіріліп, аспанда жойып жіберуді іс жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет болған еді.
Қалашықта 1963 жылға дейін тек әскерилер мен олардың отбасылары ғана тұрды. 1963 жылдың 28 қазанында қалалық кеңестің бірінші сессиясында төрағалық еткен полигон командирі С.Дороховтың ұсынысы бойынша Приозерскіге қала мәртебесі берілді. Приозерск қаласында 1990 жылға дейін одақтық көлемдегі әскери-ғылыми кеңес жұмыс істеді. Мұнда 800-ге жуық адам кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған.



Приозёрск (Қоржынтүбек) қаласы

Работа предоставлена учениками КШДС Жулдыз города Абай

Город Балхаш

Работа предоставлена учениками школы Зияткер города Балхаш

Бектау-ата

Работа предоставлена учениками №17 школы города Балхаш

Жезказган

Работа предоставлена учениками СОШ №1 города Жезказган

Жас турист

Работа предоставлена учениками станции Жас турист города Каркаралинска

Каркаралинск

Работа предоставлена учениками СОШ №1 города Каркаралинск
Все работы на карте