Н.Нұрмақов атындағы ММИ
Қарағанды орталық саябағы
Қарағанды қаласының орталық саябағы Интернационалист-жауынгерлер көшесінде орналасқан. Саябақтың қақ ортасындағы үлкен көлге Бұқпа өзені келіп құяды. Серуендейтін аллея, кафе, балалар аттракциондары және концерттер мен қойылымдарды өткізетін концерт залы бар. Іші түрлі ағаштарға, өсімдіктерге толы, дамыған инфрақұрылым келген қонақты қуантары рас.
Қарағанды қаласының орталық саябағында дамыған инфрақұрылым бар:
Балаларға арналған ойын алаңдары;
Тренажерлерлік ойын алаңы;
Көлде серуендеуге арналған қайық және катамаран станциясы;
Саябақтың белгіленген орындарына жету үшін жасалған велосипед жолдары;
Жаз мезгілінде көл жағасында күнге қыздырынуға немесе жылы суға шомылуға жабдықталған жағажай;
Қыс мезгілінде конькимен сырғанауға арналған мұз айдыны;
Қасиетті елшілер — Петр мен Павл шіркеуі.
Тамақтануға арналған кафелер;
Субұрқақ.
Паркте балалар мен ересектерге арналған көптеген назар аударарлық орындар бар:
«Феррис доңғалақ», «Балалар темір жолы», «Ұшатын ракеткалар», «қоңырау», «жас», «күн», «саңырауқұлақтар», «автодром», «Зымыран», «Комета», «Көңілді кубоктар», «Шар», «Ғарышкер», «Дауыл», «Сюрприз», «Жылқылар», «Лабиринт», «Батут», «Глобус», «Айдаһарлар», « Тир «,» НЛО «Гусеница», «Осьминог», «Радуга «Сафари», «Американские горки» және т.б.
Ескерткіштер
Саябақтың алдыңғы жақтағы кіре берісінде Қарағандының ең танымал көрінісі — «Шахтерлер даңқы» ескерткіші орналасқан. «Шахтерлер даңқы» ескерткіші туристтің жол картасында тұратын орынның бірі. Бұл ескерткішті қаланың визиткасы деуге де болады. Саябақтың сол жақ шыға берісінде, Сәкен мен Кривогуз көшелерінің қиылысындағы ақын есімін иеленген скверде Қасым Аманжоловтың ескерткіші орналасқан. Саябақта Қарағанды облысы кәрістерінің қазақ халқына алғысы ретінде естелік белгі орнатылған. Бұл белгі қазақ халқының даладай пейілі мен мейірімді жүрегіне ризашылықты білдіреді. Саябақта «Шахтер» футбол клубының құрметіне жасалған аллея бар. Аллеяға кіре берісте ескерткіш белгі ретінде алып доп қойылған. Аллеядағы газондар футбол добының суреттерімен безендірілген.
Мекен жайы: Интернационалист-жауынгерлер көшесі, 29/2.
Аялдама: «Кеншілер сарайы» аялдамасы.
Аялдамадан арақашықтық: 900 метр.
Автобус: № 1, 26, 33, 41, 43, 44, 45, 55, 70, 73, 107, 121, 122, 127, 145, 165.
Маршруттық такси: № 01, 02, 07, 011, 13.
Такси: Такси 9 Регион, Яндекс такси Караганда, Такси 164, «Максим», Такси «Народное», TAXI 24.

Қарағанды Орталық саябағы

Город Балхаш

Бектау-ата

Жезказган

Жас турист

Каркаралинск

Город Сарань
Виртуальное путешествие по Карагандинской области. Караганда ©2019. Все права защищены