87212445614

Н.Нұрмақов атындағы ММИ

Қарағанды хайуанаттар бағы

Қарағанды хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік маңызы бар зоологиялық парктерінің бірі. Мәдени-ағартушылық, оқу және ғылыми ұйым дәрежесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Хайуанаттар бағының негізгі міндеттері: жануарлар әлемінің түрлерін көпшілік қауымға таныстыру, жабайы жануарлар әлемін қорғауды басты мақсат ете отырып, адам бойында ізгілікті насихаттау; Өте сирек кездесетін, жоғалу қаупі бар жануарлар түрін жасанды орта жағдайында тектік қорын сақтау; Біздің мемлекетте кездеспейтін сүтқоректілер, тағы да басқа жануарлар мен құстар, қосмекенділер түрлерін хайуанаттар бағында көбейту.
Хайуанаттар бағының тарихы
Қарағанды хайуанаттар бағы
1-ші Қарағанды хайуанаттар бағының рәмізі
1-ші Қарағанды хайуанаттар бағының рәмізі
Жалпы мағлұмат
Ауданы 14га
Құрылған уақыты 1938 жыл
GPS координаталары: 49°47′12″СЕ 73°03′37″ШБ
Орналасуы
Ел Қазақстан
Қала Қарағанды
Мекен жайы Ермеков көшесі, 111

Қазақстан бойынша үш хайуанаттар бағы болса, оның ішінде ең алғаш болып құрылғаны Қарағандыдағы хайуанаттар бағы. Жер көлемі 14га Қарағанды хайуанаттар бағы жылжымалы зоологиялық көрме ретінде құрылды. 1938 жылы іргетасы қаланған хайуанаттар бағы жануарларды сақтау ісіне өз үлесін қосуда.
2012 жылы Қарағанды хайуанаттар бағына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесі берілді. Бүгінде қала әкімдігінің көмегімен хайуанаттар бағының қамқоршылар кеңесі жұмыс жасайды.
Қарағанды хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықаралық бағдарламаларға қатысады:
— Еуроазиялық өңірлік хайуанаттар және аквариумдар қауымдастығы мүшесі;
— Жаһандық жануарлар, акувариумдар және хайуанаттар бағы туралы деректер базасына тіркелген;
— Жануарлар түрінің халықаралық ақпараттық жүйесін пайдаланады;
— Жабайы табиғаты қорғау туралы келісім-шартына сай жұмыс жасайды;

Хайуанаттар бағының құрамы

Зообақ құрамында 3 бөлім жұмыс жасайды: зоологиялық бөлім, ветеринарлық бөлім, ғылыми-ағартушылық бөлім. Зообақ коллекциясында Қазір хайуанаттар бағында аң-құстың 209 түрі бар, жалпы саны 1990-ға жуық. Халықаралық Қызыл кітапқа 32 түрлі 73 жануар тіркелген.

Зообақта балықтардан:
тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі;

Бауырымен жорғалаушылардан:
тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел;

Жыландардан:
айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар;

Құстардан:
қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.;

Сүтқоректілерден:
лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар бар.
Қарағанды ​​хайуанаттар бағының ең танымал тұрғындарының арасында Батыр есімді үнді пілі болды, ол дыбыстық еліктеуге қабілетті.
Хайуанаттар бағында террариум-аквариум залы жұмыс істейді. Онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.

Жұмыс жасау уақыты:

Хайуанаттар бағына жылына келушілер саны – 90 мың шамалас.
Климаттық жағдайлар үшін сирек кездесетін және экзотикалық жануарлардың алуан түрін тамашалағыңыз келсе, хайуанаттар бағының есігі күн сайын ашық.
Аптаның жеті күні сайын жұмыс жасайды (кассалар 17: 00-де жабылады):
Жазда (мамыр-қыркүйек) сағ.9.00-20.00
Қыста (қазан-сәуір) сағ.9.00-18.00

Қарағанды хайуанаттар бағына қалай баруға болады?

 

GPS координаталары: 49°47′12″СЕ 73°03′37″ШБ
Мекен жайы: Ермеков көшесі, 111.
Аялдама: «Абай», «Новонижняя» аялдамасы.
Аялдамадан арақашықтық: 250 метр.
Автобус: № 146.
Маршруттық такси: № 30.
Такси: Такси 9 Регион, Яндекс такси Караганда, Такси 164, «Максим», Такси «Народное», TAXI 24.

 

Құрметті дос! Жануарларды табиғи тазалығы мен шынайылығы үшін жақсы көр …

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.