87212445614

Қарағанды қаласы, №3 Гимназия

Қарағанды Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы

Қарағанды Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы – 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық өлкетану мұражай дәрежесіне ие болды, ал 1964 жылдан бастап мұражайдың атауы тарихи-өлкетану деп өзгертілді.
Мұражайдың экспозициясы 1800 ш.м. құрайтын 16 көрме залынан тұрады, қор сақтау – 134 мың экспонат қойылған. Сонымен қатар 60 орындық акті залы, «Dolby Digital» тарихи кино залы, «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залы бар.

Команда аты:QarPAT (Qaragandy’s Peace Avenue Team)
Команда мүшелері: Өтебай Н., Сағадибекова Д., Оразов Д., Омарбек А.

Экспозициялар
• «Кіріспе» залының экспозициясында мұражай қонақтары мен көрермендері тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы қабылдаған негізгі заңдармен, қаулылармен таныса алады.
• «Жерде тіршіліктің пайда болуы» экспозициясы облысымыздың табиғи байлықтарының дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен және тауып алынған геологиялық және палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтер береді.
• «Табиғат» залында облыс аймағындағы қазіргі уақытта кездесетін әртүрлі құстар, сүтқоректілер, жануарлар көрсетіледі.
• «Археология» залының экспозициясында облыс территориясындағы 600-ге жуық тұрақтар мен қорғандарды зерттеген ғалым-археологтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі (Майтан, Еңбексүйгіш, Беғазы-Дәндібай және т/б.). Қарқаралы тауларында зерттелген үңгірдің макет-диорамасы алғашқы адамдардың өмірінен мәлімет беріледі.
• «Өнеркәсіптік Қазақстан және ортағасырлық пен кейінгі ортағасырлық мәдениет және этнография» залы Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен таныстырады.
• «Облыстың мәдениеті» залының экспозициясы ХІХ-XX ғасырлардағы облыс мәдениетінің дамуынан сыр шертеді.
• «Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы» залы Қарағанды қаласының құрылу тарихына, көмір бассейнінің дамуы мен өркендеуіне арналған. Зал экспозициясында 1920–30 жылдардағы алғашқы геологтар А. А. Гапеев, З. П. Семенова, И. В. Орловтар туралы деректер берілген.
• «Қарлагтың тарихы және Ұлы Отан соғысы» залында 1931 жылы құрылған Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің мұрағат құжаттары, фотоматериалдар, жәдігерлер сыр шертеді. Қарағанды лагерлері құрылғаннан бастап, онда 47 ұлттың тұтқындары қамауда болған. Лагерь картасы мен Қарлагта «халық жауы» ретінде тұтқында болғандардың материалдары назар аударады.
• «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» залының экспозициялары біздің жерлестеріміздің майдандағы және еңбектегі ерліктері туралы паш етеді. Соғыс жылдары біздің өлкеден майданға 50 мың қарағандылықтар аттанған. Сталинград түбінде, Днепрді соғыспен алған 77-ші артполкі Қарағандыда құрылған. 33 қарағандылықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие, 9 адам Даңқ орденінің Ш-ші дәрежесінің иегерлері.
• «Қарағанды облысы Кеңес дәуірінде» залы Қарағанды облысының 1946–1990 жылдардағы даму тарихын көрсетеді. 1970 жылдан Қарағанды – КСРО-ның үшінші кочегаркасы болды. Қарағанды шахталарында бірнеше рет көмір өндірудің дүниежүзілік, жалпыодақтық, республикалық рекордтары жасалды.
• «Ғарыш залы» біздің жерлесіміз, қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровке арналған. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров кеңес-австрия экипажының құрамында ғарышқа ұшты. Көрушілер халықаралық ғарыш стансасының макетін ашық ғарыш шебінде көріп қызықтайды.
• «Тәуелсіз Қазақстан кезіндегі Қарағанды облысының дамуы» залының экспозициясында реформа жағдайындағы орта және кіші бизнестің, халыққа білім беру жүйесінің, денсаулық сақтау, қаржы мекемелерінің дамуы туралы материалдар қойылған.
• ҚР Тұңғыш Президентіне арналған көрме залының экспозициясында Егеменді Қазақстанның Тәуелсіздігінің 15 жылғы сыртқы және ішкі саясаты бейнеленген, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмыстарын айқындайтын материалдар қойылған.
• Жаңадан ашылған «Бабалар бейнелері» залында профессор М. М. Герасимовтың әдістемесі бойынша бас сүйектің бет пішінін қалпына келтіру арқылы әрбір бас сүйекке «тірісіндей» пішін берілген. Компьютерлік анимация нәтижесінде «тірілген» адамдар белгісі тарихи оқиғалар, діни түсініктемелер, өз тайпасының мінез ерекшеліктерін, мәдениетінің сол кездегі әлеуметтік құрылымы туралы түсініктеме береді.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.