Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы Білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ (2021 жыл)
«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» жетістігі де болашағы да жарқын білім ордасы. Алашорда үкіметінің төрағасы, энциклопедист ғалым, ұлттық және әлемдік ой-сана биігіндегі алып тұлға – Әлихан Бөкейхановтың есімі мектеп-лицейімізге берілді. 2020 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, қазақ халқының азаттық жолындағы күрестің алдаспаны болған аяулы тұлға, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа арналған ескерткіш-бюсттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мектебімізде 2009 жылдан бастап «Тәуелсіздік тағылымы» тарихи-өлкетану бағытындағы зертхана жұмысы жүргізілуде. Зертхана жұмысының мақсаты жоғары руханият құндылықтарын меңгерген функционалды сауатты табысты тұлға моделіне қол жеткізу. 2019 жылдан мектеп-лицейімізде Алаш арыстарын ұлықтау, жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында – «АЛАШТАНУ» орталығы жұмыс жасауда. Мектеп –лицей кітапханасы оқушылардың интеллектуалды деңгейін өсіретін ақпарат алаңы. Мектеп кітапханасы ғаламторда еркін жұмыс жасау үшін заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған. Кітапханада зерттеу жұмысы мен демалуға арналған оқу бөлмесі, кітап қорын сақтау орны, оқу залына және келушілердің жеке шығармашылық жұмыс жасауына арналған компьютерлік торап ұйымдастырылған. Виртуальное путешествие по Карагандинской области. Караганда ©2019. Все права защищены «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ
Каукенов Ж. Автор
Мамочкино кладбище
Город Балхаш
Бектау-ата
Жезказган
Жас турист
Каркаралинск
Город Сарань