87212445614

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің» Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ (Болашақ) 2021

БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ — ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ

Музей мекен-жайы: 100300 Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханова көшесі 12. Телефон: 6-59-70 (факс), 6-59-30. Электронды мекен жайы: museyblh@mail.ru

БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ — ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ТАРИХЫ

Балқаш музейі 1970 жылы комсомолдар мен алғашқы құрылысшылардың бастамасы бойынша құрылды. Музейдің ресми ашылу күні 1973 жыл 25 қыркүйек болып саналады.

Бұл жаңалыққа себепші болған уақиғалар мыналар:

13.03.1966 ж. — 1 — ші қалалық комсомолдардын үш ұрпақтарының кездесуі негізінде қалалық таратхн — өлкетану музейін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.

29.12 1969 ж. — «Балқаш қаласында өлкетану музейінің құрылуы жөнінде» ҚазКСР Мәдениет министрлігінің бұйрығы жарыққа шықты.

23.03.1970 ж. -жаңа салынған жиһаз дүкенінің ғимараты музей иелігіне берілді.

25.03.1973 ж. — Музейде бірінші «Солтүстік Балқаш өңірінің тас суреттері және палеолит, неолит кезеңдерінің материалды мәденнеті» атты экспозициясы ашылды. Бұл музей ұжымының және Мәскеу, Ленинград, Алматы қалаларынын ғылыми қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесі еді. Бұл көрме бүгінгі таңда да мұражайдың басты байлығы болып табылады.

Одан әрі музей тарихы былай өрбиді:

7.05.1975 ж. — «Солтүстік Балқаш өңірінің табиғатын» және «Балқаш Ұлы Отан соғысы жылдарында» бөлімі ашылды.

6.11 1975 ж. — «Балқаш бірінші бесжылдықта» бөлімі ашылды

1977 ж. наурыз — ОК Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы –Д.А. Қонаев музейде болды.

26.10.1978 ж. — БЛКЖО-ның 60 жылдығына орай 700 жәдігерден тұратын көрме ұйымдастырыльп, оған Қазақстан ЛКЖО ОК-ның бірінші хатшысы К.Султанов келді.

01.07.1980 ж. — Музей ұжымы «Әкелер даңқы жолымен» YI республикалык комсомолдар слетін өткізуге қатысты.

27.07.1982 ж. — «1946-1961 жылдардағы Балқаш» шығармашылық залы ашылды

28.07.1982 ж. — Қаз КСР Мәдениет министрінің орынбасары мұражайда қонақта болды.

17.12. 1983 ж. «Өлкедегі кеңестік биліктің құрылуы және нығаюы. 1971 -1925 жас» залы ашылды.

1988 ж. сәуір — Балқаш каласының 50 жылдығына орай, насихат жұмысын белсенді жүргізгені үшін Балқаш калалық тарихи — өлкетану мұражайы Жезқазған облыстық еңбекшілер кеңесі атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1988 — 1991 ж экономикалық өтпелі кезеңдерде музей өзін қамтамасыз ететін қаржының тапшылығынан концервация жағдайында болды. Сол уақыттардағы негізгі мәселе мұражайды және оның қорын сақтап қалу болатын.

1992-1996. – Экспозициялық қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, музей күрделі жөндеуден өткізілді.

18 мамыр 1996 ж. – Музейде жаңа экспозиция ашылды.

Ақпан 1999 ж. – «Балқаш қалалық тарихи- өлкетану музейі» мемлекеттік мекеме статусы КМҚК болып өзгертілді.

Тамыз 2005 ж. — «Балқаш қаласының әлеуметтік — экономикасының дамуы» атты жаңа экспозициялық стенді құрылып, конференция залы жаңадан безендіріліп, жөндеуден өткілді.

18 наурыз 2006 ж. – «Қазақтың ұлттық аспаптары» және «Солтүстік Балқаш өңірінің музыка мәдениетінің қайраткерлері мен халық орындаушылары» жаңа экспозициялық бөлімдері ашылды.

8 сәуір 2006 ж — «Балқаш қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы» бөлімі ашылды.

Қараша 2007 ж — «ҚР Қызыл кітабына енгізілген Балқаш – Іле бассейінінің жануарлары мен өсімдіктер түрлерін» көркем панносы экспозициялық кайта құрылымнан өткізілді.

Қазіргі кезде Балқаш музейі аймақтық маңызы зор мәдени мекемесі бола отырып, қаламыздың мәдени өміріндегі негізгі орталықтарының бірі ретінде қала тұрғындарының құрметіне ие болған. Оның қорында 40 мыңнан астам экпонаттар бар. Балқаш музейі қызмет бағытында 3 негізгі профилді біріктірген комплексті музей болып табылады ( тарихи, жаратылыстану-ғылыми және этнографиялық), оның осы ерекшелігі музейдің қызмет көрсету-ұйымдастыру жүйесінің және жинақталған қор құрамының қызмет көрсету, жұмыс мазмұнын айқындайды. Өлкетану және тарихи мәдени құндылықтарды қорғау музей жұмысының басым бағыттары болып есептелгенімен, музей қорын білімділік, танымдық, тәрбиелік мақсатта пайдалану да оның қызметінің өзекті бағыттары болып отыр.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.