87212445614

Каркаралинск — СОШ №15

Матақ батыр

Матақ батыр — (шамамен 1750-1839), Қазақ елінің бостандығы үшін күрескен, Абылай ханның мыңбасы, Қарқаралы ауданының әкімі болған. Матақ батыр туралы дерек көзін алғаш ашқан өлкетанушы С. Даулетбаев. Матақ батырдың есімі тарихга Есіл Нұра жорығы деп аталатын (1752) жорық кезінде белгілі болады. Матақ батырдың әкім болғандығын растайтын, оның мөрі басылған құжаттар мұражайда сақтаулы. Матақ батырдың күмбезі Қарағанды-Қарағайлы темір жолының бойында, батыр есімімен аттас өзен жағасында орналасқан.

Матақ батыр

Тоғалақұлы Матақ, Есіл-Нұра жорығына жауынгер болып қатысады. Осы соғыста ол ат үстінде тұрып жауды найзамен құлату, қылышпен жаудың басын алу әдістерін меңгеріп, батыр атағын алады. Бұл жорықта Матақ батыр 17 жаста болған екен.
Бұл оқиғадан кейін Матақты мыңбасы етіп тағайындайды. Матақтың өмірбаянына зер салсақ ол 19 жасында мыңбасы болған.
Абылай хан Балхаш пен Ертіс өзені аралығын орталықтандыра басқару жүйесін енгізіп, Қарқаралыға Баянауыл Шақшан болысын қосып, Матақты Қарқаралы дуанына әкім етіп тағайындайды. Матақ Қарқаралыда үш жыл әкім болған. Бұл 1769 жылға келеді.
Матақ батырдың жасы 89-ға келіп, қазіргі Матақ өзенінің бойында қайтыс болады. Мавзолейі сол жердегі төбенің үстіне қойылған.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.