87212445614

74 мектеп Қарағанды

«Айғыр ұшқан» тауы

Шет ауданы Қызылтау ауылындағы «Айғыр ұшқан» тауы.
Ілгері заманда осы таудың етегін әрі бай, әрі би бір кісінің ауылы мекен етіпті. Сол байдың қасиетті бір айғыры болыпты. Айғыр ел шетіне жау, ұры-қары, ит-құс келгенін күні бұрын сезіп қояды екен.
Бірде әлгі айғыр етекте жайылып жүрген үйірін таудың басына қарай дүркіретіп қуып, жықпыл-жықпыл жартастың арасына бой тасалатады да, өзі кері шауып кеп, елге белгі береді. Арқырай кісінеп, үй-үйді айнала шапқан жануардың қылығын жаманат хабарға жорыған бай тез арада жігіттерін жинап, қимыл әрекетке әзір тұрады. Расында алыстан шаңғытып жаудың қолы көрінеді. Киелі Қылқұйрықтың дер кезінде тілсіз-ақ ұғындырған хабарына риза болған би айғырын мейірлене басынан сипап, үйіріне қайтарады да, өздері атойлап ұрысқа кіріседі.
Бейбіт жатқан елді қапада басып аламыз деген жау күтпеген қарсылыққа ұшырап, сол жолы ойсырай жеңіледі.
Тек бір өкініштісі жаудың қаскөйлігіне буырқанып, ашу-ызадан жанары тұманданған айғыр таудағы үйіріне қайтып бара жатып, қатты шапқан екпінін тоқтата алмай, биік құздан құлап өледі…
Сөйтсе, үйір қалған қойнаудың кірер жағы тегіс те, әрмен биіктеп барған сайын ұшар құзға айналады екен. Сондықтан да айғыр ұшқан жартас «Айғыр ұшқан» тауы атанып кетіпті.

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.