87212445614

36 ЖББМ — Нүркен Әбдіров ескерткіші

36 ЖББМ — Нүркен Әбдіров ескерткіші

Әбдіров ескерткіші — Қарағанды қаласында Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровке қойылған ескерткіш (1958 ж., сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель).

Әбдіров ескерткіші — Қарағанды қаласында Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровке қойылған ескерткіш (1958 ж., сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель).

Ұшқыш-сержант Әбдіровтің (1919 — 42) беліне дейінгі денесін бейнелейтін мүсін сына тәрізді биік тұғырға қойылған. Мүсіннің кейіпкермен түр ұқсастығы, киім формасының дәлдігі ескерткіштің жетістігі болып табылады. Мүсіншілер батырдың жанып бара жатқан самолетті Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде тұрған жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттаған, дәл ерлік жасар сәтіндегі өжет шешімге келген жүзін анық көрсеткен. Шойыннан құйылған мүсіннің биіктігі 4,8 м., мәрмәр тақтамен қапталған. Жалпы биіктігі 9 м. ескерткіш үлкен көшемен жақсы жарасым тапқан. 1985 ж. ескі тұғыр жаңартылды.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.