87212445614

Ұлытау ауданы, «Жезді мектеп интернаты» КММ

Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихи мұражайы

Музей 1988 жылы 21 желтоқсанда ҚазССР Министрлер Кеңесінің №285-р Жарлығымен ұйымдастырылып, тақырыбы мен экспозицисиясы тұрғысынан Қазақстан, Орта Азия елдеріндегі тұңғыш тарихи-мәдени, ғылыми-ағартушылық мекеме ретінде бағаланады.

Музей 1988 жылы 21 желтоқсанда ҚазССР Министрлер Кеңесінің №285-р Жарлығымен ұйымдастырылып, тақырыбы мен экспозицисиясы тұрғысынан Қазақстан, Орта Азия елдеріндегі тұңғыш тарихи-мәдени, ғылыми-ағартушылық мекеме ретінде бағаланады. Орталық Қазақстан, оның ішінде Ұлытау-Жезқазған аймағының б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтардан бастап бүгінгі дәуірлерге дейінгі даму тарихы кен өндіру, металлургия кәсібінің өркендеуімен тығыз байланысты. Экспозиция концепсиясы жалпы дәуірлер шеңберінде халқымыздың ата кәсіптерінің бірі саналатын металл қорыту ісінің пайда болып, бүгінгі замандарға дейінгі даму сабақтастығын көрсетуге негізделген. Музей Жезді өзенінің бойындағы жұмысшы кентінде орналасқан. «Жез» деген сөз мыстың ең көне атауы. Дәл осы тұстан қимақтар елін Сібірмен жалғаған Ұлы Жібек жолының бір тармағы, ал қола дәуірінде Мыс жолы өткен. Жезқазған шеберханаларында өңдірілген металл бұйымдар дүниенің төрт тарабына таралған.
Тау-кен және балқыту ісінің тарихи музейі аумағы 4 га табиғат ландшафтың құрайтын бірегей тарихи-мәдени кешен. Музей құндылығы болып саналатын ашық аспан астындағы алаңдарда қазақ даласында индустрияның дамуы, оның ішінде тау-кен және металл қорыту өндірісінің 3,5-4 мыңжылдық шежіресімен танысуға болады. Арнайы алаңдарда өлкедегі алғашқы металлургия өндірістерінде пайдаланылған техникалар мен механизмдер, кен аршу және тасымалдау құралдары Орталық Қазақстанның полиметалл кен тастарының үлкен көлемдегі үлгілері түпнұсқа түрінде жинақталған. Музейге келушілер ежелгі Сарыарқа кеншілері мен металлургтерінің кәсібімен көрнекі түрде танысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін музей алаңында ежелгі Жезқазған мыс балқыту пешінің жұмыс істейтін үлгісі орнатылған. Музейдің металлургиялық пешінде 1994 жылы 3 қарашада ҚР президенті Н.Н.Назарбаев Жезқазғанға келген сапарында ата-баба әдісімен мыс балқыту, мыңжылдықтар тарихын жаңғыртты. Музей Сарыарқаны ежелден қоныстанған халықтың материалдық индустриялдық мәдениетін, оның ішінде тау-кен ісі мен металл қорыту кәсібінің тарихын насихаттайтын бірден — бір орын.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.