87212445614

Ұлытау ауданы № 3 ЖББМ

Хан ордасы
Ұлытау ауданынан солтүстік батысқа қарай 18 км жерде теп –тегіс жазық далада үйіндісі сақталған аса маңызды тарихи ескерткіш. Қаратал өзенің сол жағалауынан бір км жерде. Төрт бұрышты етіп салынған құрылыстың ұзындығы 150 м , ені 90 м шамасында . Бір – бірімен жапсарластыра салынған арасынан су ағатын ор өтетін екі бөліктен тұрады.Үйінді бұрыштарының барлығы биік ,әрі енділеу.Олардың сақшы – қарауылшыларға арналған мұнара екендігін байқауға болады. Қамалдың оңтүстік қапталының орта тұсында үйінді аласалау әрі енсіздеу.Соған қарап , бұл жерде ішке кіретін қақпа болғандығын көреміз.Сондай- ақ құрылыстарды бір- бірімен байланыстыратын есіктер , шығыс бағыттағы қабырғаларда болған. Есіктерге қарама-қарсы орданы қоршаған су толған орлардың үстіне көпір – өткел салынғаны байқалады. Қамал қабырғасының қалындығы 3,5 м, биіктігі 4 м болған деп жорамалдауға болады. Су толтырылған орлардың тереңдігі 1,5 м , ені 7 м – дей болған . Қоршау ішіне басқа құрылыстар салынбаған. Хан ордасынан оңтүстік- шығысқа қарай 1,5-2,0 км жерде осыған ұқсас , тек аумағы жағынан анағұрлым кіші тағы бір ежелгі ескерткіш тұр. Академик Ә.Х.Марғұлан Хан ордасын IX-XIII ғасырларда қорғаныс үшін тұрғызылған қамал- бекіністер тобына жатқызады. Хан ордасына алғаш рет Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы 15-қыркүйекте келді. Сол кезде халық Елбасын ақ киізге отырғызып , ауылымыздың ақсақалы Арыстанов Ахмет бата берген болатын.

О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.