87212445614

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің № 5 жалпы білім беретін мектебі КММ

 



АҒЫБАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ;
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 10 ЖЫЛ» стеласы;
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕТКІШ;

АҒЫБАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ Автор: Жаубасар Калиев –Қарағанды мүсіншісі. Ағыбай батырдың және оның атының мүсіндері Мүсінге 7 тонна таза қола жұмсалды. Қарағандыда Худфонд директоры Александр Курицынның шеберханасында құйылды. Ескерткіш Балқаш қаласының 70 жылдығына орай «Тәуелсіздік» алаңына орнатылды. Ескерткіш өте үлкен, салмақты. Тұғырынсыз ескерткіш құны отыз миллион теңгедей, бірақ қаражат мемлекет қорынан алынған жоқ, оған ірі демеушілер қаражат бөлген: «Қазақмыс» корпорациясы, «Түсті металдар өңдеу зауыты» акционерлік қоғамы, «Алматықұрылыс» холдинг компаниясы президенті Амангелді Ермегияев,»Сарыарқа» фирмасы төрағасы Берік Әрінұлы т.б. қала мекемелері мен жекелеген адамдардан жиналған қор.
Ескерткіштің ашылу салтанаты 2007 жылдың 5 қыркүйегінде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтті.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 10 ЖЫЛ» стеласы
Ескерткіш жобасын жасап, орнатып, қалаға тарту еткен Балқаштың химико-металлургиялық комбинатының жетекші мамандары.
2001 жылы 16 желтоқсан күні сағат 12-00-де салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш «Тәуелсіздік» алаңына орнатылған.
Стела Балқаштың граниті мен мәрмәр масынан ,шаңырағы мыстан жасалған. Стеланың он буыны Тәуелсіз Қазақстанның он жылда өткен асуларын сипаттайды.и Шаңырақты айнала ұшып жүрген қарлығаштар бейнесі- үлкен шаңырақ аясында – Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін жақсылық пен бақыттың символы.
Қазақстан халқының бірлігінің, өзара сыйластық пен достығының белгісіндей асқақ тұрған ескерткіш алаңына көпшілік жиналатын, той-думан өтетін , демалыс орталығына айналды. Өкінішке орай жергілікті билік алаңдағы басты ескерткіш-тәуелсіздік символын орнынан ығыстырып Уалиханов көшесіне көшірді де, орнына Ағыбай батырдың ескерткішін орнатты. Сондықтан алаң атауына сай тұрған ескерткіш өзінің салмақты бағасынан айрылып қалғандай.
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕТКІШ
Авторы: ШОРОХОВ ПАВЕЛ ИВАНОВИЧ , Алматыда тұрады, ҚР суретші мүсіншісі.
Ескерткіш Балқаш гранитінен жасалған. Ашылған күні 31 мамыр 1997 жыл.
Ескерткіш Ш.Уалиханов көшесі бойында , әкімшілік ғимараты алаңына орнатылған. Тұғырында: « Репрессия құрбандарына ескерткіш»,»Памяти жертвам репрессий» деген жазу бар, тікенек сым, құрбан болған әр ұлт өкілдерінің бет келбеттері бейнеленген.
1997 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және 1932-33 жылдардағы аштық нәубетінің құрбандарын еске алу күні болып аталып өтеді.
ГУЛАГ лагерлерінде , оның ішінде Қарағанды , Балқаш лагерлерінде мыңдаған кінәсіз адамдар михнат көріп, құрбан болған. Ескерткіш өте қарапайым болса да жыл сайын 31 мамыр күні көп ұлтты қала халқының жиналып, саясат пен аштық нәубеті құрбандарының рухына тәу етіп, гүл шоқтарын қоятын бір белгілі орнына айналды. Кейін Ә.Бөкейхан көшесінде жаңа ескерткіш орнатылды, құрбандарды еске алу шаралыры сол жерде өтетін болды.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.