87212445614

Қарағанды. «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-бөбекжай кешені» КММ

ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ

2019 жылдың 23 қазанында Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығы аясында «Сарыарқа: уақыт пен кеңістік» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл конференцияға АҚШ, Германиядан, Ресейден, Моңғолиядан, Түркиядан, Татарстаннан, Өзбекстаннан Алтын Орда дәуірін зерттеп жүрген ғалымдар келді. Бұл ғалымдардың пайымдауынша, Алтын Орда империясының негізін ең алғаш Ұлытау жерінде Жошы хан қалаған. Сондықтан, Сарыарқаның Ұлытау жері – Алтын Орданың кіндігі болып табылады.

ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ. XIII ғасырдың бірінші жартысында жатқызылады (ғалымдардың қортындысы бойынша кесененің тұрғылыған уақытын XV-XVI ғасыр). Сәулет ескерткіші. Жергілікті халық арасында дәл осы маңда 1227 жылы аң аулап жүріп, Шыңғыс ханның ұлы, Батый ханның әкесі, бүкіл қазақ хандарының атасы Жошы хан қайтыс болған деген аңыз сақталған. Осы жерде ХІІІ ғасырда Жошы хан мен оның балаларының ордасы орналасқан. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілді және мемлекет қорғауына алынды. Жошы ханның кесенесі Хафиз Таныштың (XVI ғасыр) еңбектерінде алғаш рет айтылды. Орталық Қазақстан археологиялық экспедиясы 1946, 1973, 1998 жылдары зерттеген. 1998-2000, 2006, 2011 және 2016 жылдары қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Кесене Қазақстанның ескерткіш монетасының 500 теңгелік номиналында бейнеленген. Қорымның қасында «Жошы Ордасы», «Орда-Базар» деп аталатын Жошы ордасының қираған үйінділері бар: Алтын Орда — қазақ халқының алтын бесігі, тарихының діңгегі. Ұлт ұясы! .

Бүгінгі таңда Ұлытау жерінде Қазақстан Республикасының Президентінің Қ.К.Тоқаевтің тапсырмасымен Алтын Орданың негізін қалаушы – Жошы ханның кесенесінде реставрациялық жөндеу жұмыстары және кесененің жанынан тарихты дәріптейтін музей. Ішкі туризмді дамыту барысында Алаша хан, Домбауыл және Жошы хан кесенелеріне жол салынып, жарық тартылып, туристерге арналған «Жошы ұлысы» атты заманауи кешен (қонақүй, мейрамханасымен) салынып жатыр.


О квесте

Участники в ходе работы размещают в сети Интернет информацию о своей местности, населенных пунктах, улицах, достопримечательностях районов и городов Карагандинской области.